Облыс орталығындағы «Қоныс» спорт сарайында «Еуропа-Азия. Шекарасыз ынтымақтастық» XIV Қазақстан-Ресей халықаралық көрмесі өткізілді. Өнеркәсіптік ынтымақтастық көрмесін ұйымдастырушылар Ақтөбе облысының әкімдігі, Орынбор облысының үкіметі, Орынбор қаласының әкімшілігі, Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасы, «Орынбор облысының сауда-өнеркәсіп палатасы» одағы, «Ақтөбе облысының кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағы» ҚБ, «УралЭкспо» ЖҚБ болып табылады. Көрмені ұйымдастырудағы мақсат – Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы өңірлері арасындағы экономикалық, ғылыми-техникалық, қоғамдық ынтымақтастықты дамыту, көршілес өңірлер арасындағы қатынастарды нығайту, бірлескен бизнес жобаларды, сауда-экономикалық және инвестициялық қатынастарды дамыту, Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік шарттарындағы шекарасыз ынтымақтастықтың шешілмеген мәселелерін бақылау.
Көрмеге Ресейдің, Қазақстанның, Польшаның 180-нен астам кәсіпорындары мен бизнес өкілдері қатысты. Көрмеге Қазақстан жағынан тек қана Ақтөбе облысының емес, басқа облыстардың да компаниялары өз өнімдері мен қызметтерін ұсынды. Мысалы, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарының, Астана мен Алматы қалаларының кәсіпорындары келді. Ресей жағының да бұл көрмеге қатысу географиясы жылдан-жылға кеңейіп келеді. Орынбор облысымен қатар, Мәскеудің, Челябі және Самара қалаларының компаниялары өз өнімдерін таныстырды.
Қазақстан мен Ресей өңірлері арасындағы экономикалық, ғылыми-техникалық, қоғамдық ынтымақтастықты дамытуға арналған көрме үш күн бойы жұмыс істеді. Әріптестік шарасы аясында екі елдің бизнес қауымдастықтарының өкілдері Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік шеңберіндегі шекарасыз ынтымақтастықтың шешілмеген мәселелерін де талқылады. Көрменің ресми ашылуында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Ғали Есқалиев оның көршілес өңірлердің экономикалық дамуына серпін беретініне тоқталды. Сондай-ақ, өзара байланыстың ілгерілеуге із ашатынын да айтып өтті.
Ғали Есқалиевтің айтуынша, Ақтөбе облысының өзінде Ресей бизнесінің қатысуымен құрылған 300-ге жуық кәсіпорын жұмыс істейді.
Ал Орынбор облысының 1-ші вице-губернаторы, үкімет төрағасының 1-ші орынбасары Сергей Балыкин екі мемлекет арасындағы бұл көрменің 14-ші мәрте өткізіліп отырғанын атап өтті. Ол Орынбор облысы мен Ақтөбе облысы арасындағы сауда айналымының үнемі артып келе жатқанын, 2014 жылдың көрсеткіші 1,5 миллиард АҚШ доллары шамасында болғанын жеткізді. 2015 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, Орынбор облысында қазақстандық капиталдың қатысуымен құрылған 99 кәсіпорын жұмыс істейді екен.
Көрмеге екі мемлекеттің машина жасау, мұнай-газ өнеркәсібі, энергия және ресурстарды үнемдеу, құрылыс индустриясы, арнайы техника, автокөліктер, ауыл шаруашылығы және денсаулық сақтау, білім, туризм, т.б. салалар бойынша қызмет көрсету бағыттарында жұмыс жасайтын кәсіпорындары қатысты.
– Бүгінгі күні екі облыс арасындағы кедендік кедергілер алынып тасталғандықтан экспорт және импорт операциялары туралы статистика жүргізілмейді. Алайда, ресми емес мәліметтерге сүйене отырып, бұл көрме екі жақтың сауда-экономикалық қарым-қатынасына жақсы әсерін тигізіп отыр деп айта аламын, – дейді «Орынбор облысының сауда-өнеркәсіп палатасы» одағының президенті Олег Авдеев.
Халықаралық көрменің алғашқы күні Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасы мен «Орынбор облысының сауда-өнеркәсіп палатасы» одағы арасында әріптестік туралы келісім жасалды. Ақтөбе қаласы индустриялық аймағының таныстырылымы болды. Ақтөбе қаласындағы индустриялық аймақтың, «Спецтехника» ЖШС компаниясының таныстыру рәсімі мен Қазақстан мен Ресейдің сауда желілері мен жабдықтаушылар өкілдерінің іскерлік кездесуі өткізілді. Сондай-ақ, Ресей мен Қазақстан туристік операторларының қарым-қатынастарына қатысты,Орынбор клиникаларының мүмкіндіктері мен екі елдің малдәрігерлік қызметі мәселелері бойынша өткізілген дөңгелек үстелдерде көптеген көкейкесті ойлар ортаға салынып, ұтырлы ұсыныстар айтылды. Шекарасыз ынтымақтастық өнеркәсіптік көрмесі аясында көптеген кәсіпорындар арасында өзара байланысты нығайтуға бағытталған келісімшарттарға қол қойылды.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Ақтөбе облысы.

Астанада жалдамалы пәтерлерде есірткі сақтаған күдікті ұсталды
Есірткі • Бүгін, 23:00
Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді
Оқиға • Бүгін, 22:41
Хоккейші Уэйн Гретцкидің жейдесі 1,2 млрд теңгеге сатылды
Хоккей • Бүгін, 22:19
3000 шақырым жол: 76 жастағы ақсақал Ұлытаудан Парижге жаяу барды
Оқиға • Бүгін, 21:50
Жүк ұшақтарын әкелуге 12 жылдық кедендік жеңілдік енгізіледі
Салық • Бүгін, 21:16
Қазақстан джиу-джитсу құрамасы Парижде екінші орын иеленді
Спорт • Бүгін, 20:57
Атырау облысында браконьерлерден 6 тоннадан астам балық тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 20:43
Геннадий Онищенко: Ормұз бұғазы ашылмаса дәрі-дәрмек қымбаттайды
Әлем • Бүгін, 20:16
Ришат Хайбуллин Азия жағажай ойындарында қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 20:00
Аймақтар • Бүгін, 19:34
Астанада 2000 оқушы бір мезетте күй орындап, көпшілікті тәнті етті
Өнер • Бүгін, 19:15
Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК ұйымдарынан шығатынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 19:02
Дәрігерлер әйелдің аналық безінен 6 кг ісікті алып тастады
Медицина • Бүгін, 18:45
Түркістан облысында әйел туған әкесін «ұлымды зорлады» деп айыптады
Оқиға • Бүгін, 18:20
Өлімге әкелуі мүмкін: Қазақстанның 4 өңірінде аса қауіпті вирус таралып жатыр
Қоғам • Бүгін, 18:04