ҚОСТАНАЙ. 20 мамыр. Қостанай облысында қырылған ақбөкендердің саны 19 231-ге жетті. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап, egemen.kz тілшісі хабарлады.
Бұған дейін өлген жануарлардың саны 10 мыңнан асқаны туралы хабарланған. Дегенмен, аталған департамент бүгінге дейін көмілген ақбөкендердің саны жоғарыдағы көрсеткішке жеткенін айтты. Алдын ала белгілі болған мәліметтерге сүйенсек, олардың жаппай қырылуына пастереллез ауруы себеп болуы мүмкін.
Қазіргі таңда төтенше жағдайдың салдарын жою жұмыстары жүргізілуде. Оған 515 адам және 76 техника жұмылдырылған. Өңірдің оңтүстігіндегі Амангелді ауданының аумағында арнайы лагерьлер құрылып, 100 адам орналастырылды. Түнде түнеу үшін аудан әкімдігі 3 киіз үй, Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті – 3, Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаменті асханаға арналған – 1, №6697 әскери бөлімі 6 шатыр тікті. Олардың үшеуі қосалқы мақсатта. Жеке құрам ауызсу, техника және жанармаймен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, аудан әкімдігі, аталған әскери бөлім және «Алтын дала» мемлекеттік мекемесінің үлесімен 3 тамақтандыру пункті жұмыс істеуде.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек: Қостанай облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Сурет: szh.kz.
• 20 Мамыр, 2015
Қостанай облысында қырылған ақбөкендердің саны 19 мыңнан асты

Ертең елдің көп бөлігінде жаңбыр мен бұршақ жауады
Ауа райы • Кеше
Түркістан облысында балабақшадан өрт шықты
Оқиға • Кеше
Ақтөбе әкімдігіндегі ірі өрт: шығын көлемі жарияланды
Аймақтар • Кеше
Астанада Жеңіс күніне орай әскери техника көрмесі өтеді
Мереке • Кеше
Оралда жасалған алып кемеге Қонаевтың есімі берілді
Аймақтар • Кеше
Әсем Орынбай стенд атудан жаңа әлем рекордын орнатты
Спорт • Кеше