АСТАНА. 14 қазан. Бүгін Атырауда 68 жасқа қараған шағында Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Нұрлан Балғымбаев қайтыс болды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Балғымбаев Нұрлан Өтепұлы 1947 жылы 20 қарашада Атырау қаласында туған. 1973 жылы Қазақ политехникалық институтының мұнай және газ факультетін тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірді. Сондай-ақ, 1992-1993 жылдары Массачусетс университетінің (АҚШ) тыңдаушысы болды.
Еңбек жолын 1964 жылы Атырау (қазіргі Маңғыстау) облысының Құрық кентінде бұрғылаушының көмекшісі болып бастаған Нұрлан Балғымбаев әр жылдарда жерасты жөндеу операторы, мұнай шығару жөніндегі оператор, скважиналарды жерасты жөндеу шебері сынды жұмыстармен қатар, өндірістік қызмет көрсету базасы бастығының орынбасары, бас инженер, КСРО Мұнай және газ өнеркәсібі министрлігінің бас басқармаларында бастықтың орынбасары қызметтерін абыроймен атқарды. Сондай-ақ, «Шеврон» компаниясында еңбек етті.
Одан бөлек, 1994-1997 жылдары Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсібі министрі, «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясының президенті, 1997-1999 жылдары Қазақстан Республикасының премьер-министрі, 1999 жылдан «Қазақойл» ұлттық мұнай компаниясының президенті, Қазақстан үкіметінің мүшесі, 2002 жылдан «Қазақстандық мұнай инвестициялық компаниясы» АҚ президенті, 2007 жылдан Қазақстан Президентінің кеңесшісі, Каспий теңізі ресурстарын пайдалану мәселелері жөніндегі Қазақстанның арнайы өкілі, 2009 жылдың желтоқсанынан бастап «ҚазМұнайГаз» салынып жатқан кәсіпорындарының әкімшілігі» ЖШС бас директоры қызметтерін атқарды.
ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталған (1999 ж).
Марқұмды жерлеу рәсімі 16 қазанда Атырау қаласында өтеді.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: facebook.com.
• 14 Қазан, 2015
Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Нұрлан Балғымбаев қайтыс болды

Өлімге әкелуі мүмкін: Қазақстанның 4 өңірінде аса қауіпті вирус таралып жатыр
Қоғам • Бүгін, 18:04
Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 17:55
Түркістан облысында шибөрі балаларға шабуыл жасаған
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:29
Тасқын қаупі: Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстандағы ахуал қандай?
Қазақстан • Бүгін, 17:11
Жеке куәлікті онлайн рәсімдеу неге қиын? Министрлік жүйедегі ақауларды түсіндірді
Оқиға • Бүгін, 16:59
Ербол Тұяқбаев еңбек қауіпсіздігін дамытудың негізгі бағыттарын атады
Қоғам • Бүгін, 16:37
Соңғы бес жылдағы оң өзгеріс: Елімізде өндірістік жарақаттану деңгейі 8,3%-ға азайды
Қоғам • Бүгін, 16:22
Астанада ақылы эвакуация күшіне енді: Көлікті қай жерге қоюға болмайды?
Қоғам • Бүгін, 16:17
60 жылдық жұмбақ: 23 жастағы жігіт ChatGPT көмегімен күрделі есептің шешімін тапты
Ғылым • Бүгін, 16:03
«Ascle» жобасы: Жасанды интеллект дәрігер қабылдауындағы кезекті азайтуға көмектеседі
Медицина • Бүгін, 15:22
Қазақстан мен Израиль президенттері Alem.ai орталығына барды
Президент • Бүгін, 15:03
Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы 4 жылға сотталды
Әлем • Бүгін, 14:51
Шымкентте пластик бұйымдарын шығаратын цехтан өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 14:46