ҚЫЗЫЛОРДА. 20 мамыр. Үстіміздегі айдың 18-і мен 22-сі аралығында Қызылорда облысы аумағында «Заңсыз келуші-2015» жедел профилактикалық іс-шарасының бірінші кезеңі өткізіліп жатыр. Бұл туралы egemen.kz хабарлайды.
Аталған шара бойынша Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің күші мен құралдары жұмылдырылып, бір күннің өзінде 279 заң бұзушылық фактісі анықталды. Нәтижесінде Қазақстан Республикасында жүру ережелерін бұзған 274 азамат әкімшілік шараға тартылды. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстанның 20 азаматы жауапкершілікке тартылып, тұрғылықты мекенжайы және құжаты жоқ 8 шетел азаматы қабылдау-тарату орындарына жатқызылды. Сот шешімімен 6 шетелдік азамат ел аумағынан шығарылып, 71 шетелдіктің елде уақытша болуының мерзімі қысқартылды.
Сонымен қатар, Қылмыстық кодекстің 393-бабы бойынша шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ел аумағынан шығарып жіберу туралы шешімді орындамағаны үшін 3 қылмыстық іс қозғалды.
Ержан Байтілес.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 20 Мамыр, 2015
Қызылордада бір күнде 274 адам әкімшілік шараға тартылды

Ертең елдің көп бөлігінде жаңбыр мен бұршақ жауады
Ауа райы • Кеше
Түркістан облысында балабақшадан өрт шықты
Оқиға • Кеше
Ақтөбе әкімдігіндегі ірі өрт: шығын көлемі жарияланды
Аймақтар • Кеше
Астанада Жеңіс күніне орай әскери техника көрмесі өтеді
Мереке • Кеше
Оралда жасалған алып кемеге Қонаевтың есімі берілді
Аймақтар • Кеше
Әсем Орынбай стенд атудан жаңа әлем рекордын орнатты
Спорт • Кеше