Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты Ақтау қаласындағы «Жағалау күзеті басқармасы шекарашылары Каспий теңізінің қазақстандық аумағын заңсыз кесіп өтіп, браконьерлікпен балық аулаған Әзербайжан Республикасының азаматтарын қолға түсірді. Жауынгерлік кезекті тексеріске шыққан «Тараз» шекара кемесінің экипажы теңіз үстінен браконьерлерді байқап, оларға тоқтауға белгі береді. Алайда, «Байда» қайығын бар жылдамдыққа салып, қаша жөнелген әзербайжандықтар Қазақстан шекарасынан қара үзіп кетуді көздейді. Сол күні ақ көбіктене құтырынған ақжал толқындары жағаға ұрып аласұрған теңіздің асау мінезімен алыса алға ұмтылған Қазақстан шекарашылары оларды оңайлықпен құтқармайды. Екі рет аспанға атылған ескерту оғынан соң, әзербайжандық браконьерлерге «Қызылқұм» мүйісі тұсында Қазақстан шекарашыларына берілуге тура келеді.
Тінту кезінде олардан 28 жәшік тыйым салынған балық аулау құралдары мен жалпы салмағы 946 килограмды құрайтын 240 бекіре тұқымды балық тәркіленеді. Және браконьерлердің бекіренің уылдырық шашатын ірілерін ұстағаны анықталған.
– Ақтау қаласындағы уақытша тергеу изоляторына қамалған браконьерлердің үстінен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту және браконьерлік баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүруде, іс Қарақия аудандық ішкі істер бөліміне жолданатын болады, дейді ҚР Шекара қызметі «Жағалау күзеті» өңірлік басқармасы, 2201 А әскери бөлімінің командирі Ерхан Рысқалиев.
Сол күні Маңғыстауда ауа райы қолайсыз болатын. Секундына 25 метр жылдамдықпен өрекпи соққан желдің құрғақ жердің топырағын суыра үйіріп, ала шаң етсе, теңіз бетін астаң-кестең толқынға толтырғаны белгілі. Қиын кезде табандылық танытқан шекарашылар қарақшыларды құрықтап қана қойған жоқ, биыл алғаш рет браконьерлерге балықты теңізге тастап жіберуге жол бермеді. Бортта қалған балықтардың шығыны есептеліп қана қоймай, браконьерлер тиісті өз жазаларын алатын болады.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Маңғыстау облысы.

Футболдан ел кубогінің ширек финалына қай клубтар шықты?
Спорт • Бүгін, 17:32
Астанада Тілендиев даңғылының бір бөлігі 9 мамырға дейін жабылады
Елорда • Бүгін, 17:27
Азия кубогі: Қазақстан триатлоншылары төрт медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 17:10
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 16:50
Лондонда үстел теннисінен әлем чемпионаты өтіп жатыр
Спорт • Бүгін, 16:22
Grand Slam: Душанбеде Қазақстан дзюдошысы қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:52
Трамп Иранға қарсы соғыстың аяқталғанын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 15:29
Қазақстан қажылары үшін Мекке мен Мәдинада жеңілдетілген бағдарлама іске қосылады
Қоғам • Бүгін, 14:59
«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:46
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты: 14 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Әскер • Бүгін, 12:12
Таразда мектеп аумағында биіктіктен құлаған оқушы ауыр жарақат алды
Аймақтар • Бүгін, 11:12
Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Оқиға • Бүгін, 10:50