ТАРАЗ. 20 мамыр. Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев аймақтар бойынша жұмыс сапары аясында Жамбыл облысына келді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, egemen.kz тілшісі хабарлады.
Таразда вице-премьер Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеуге байланысты іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру барысымен танысты. Соған орай Бердібек Сапарбаев ат-спорттық іс-шаралар өтетін «Атшабар» ипподромы мен тарихи-драмалық спектакль сахналатын «Жастар» стадионында болып, нысандардың дайындығын қарап шықты. Сондай-ақ, ол облыс орталығының тарихи бөлігінде орнатылатын «Қазақ хандығы» монументінің эскиздік макетін қарап шықты.
Сонымен қатар, Премьер-Министрдің орынбасары Тараздың әлеуметтік және мәдени саласындағы бірқатар нысандарды аралады. Нақты айтсақ, дуальді оқыту жүйесі енгізілген химия-технологиялық колледжі мен облыстық драма театрында болды. Одан бөлек, облыстық перинаталдық орталықты, «Ежелгі Тараз» музейі құрылысын және Қызылорда облысы қаражаты есебінен жүзеге асырылған «Қарахан баба» мавзолейі жанындағы гүлзарды абаттандыру барысын көрді.
Жұмыс сапары соңында кеңес өтті. Онда аймақтың әлеуметтік саласын реформалау, жұмыс орындарын қысқартуға жол бермеу және әлеуметтік тұрақтылықты сақтау жөніндегі үш жақты меморандумдарды орындау мәселелері қаралды. Сондай-ақ, Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу барысы талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша Бердібек Сапарбаев орталық және жергілікті органдарға бірқатар тапсырмалар берді. Ол облыс әкімдігі тарапынан жасалған меморандумдардың міндеттерін орындауды, әсіресе, жұмыспен қамтуға, жұмыс орындарын сақтауға, жалақыны уақытылы төлеуге, қазақстандық қамтуды арттыруға қатысты қатал бақылау қажеттігін баса айтты.
Вице-премьер халықтың әл-ауқатын арттыру үшін барлық ресурстар мен мүмкіндіктерді пайдалануға қатысты Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асырудың маңыздылығына ерекше назар аударды.
Оралхан Дәуіт.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: qazaquni.kz.
• 20 Мамыр, 2015
Вице-премьер Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысында болды

Айбын • Бүгін, 18:00
Жамбыл облысында жоғалған малшы аман табылды
Оқиға • Бүгін, 17:45
Айбын • Бүгін, 17:20
Астанада бірнеше автобус аялдамасы уақытша жабылды
Елорда • Бүгін, 16:55
Жаңа саяси күш: «Әділет» партиясының басты ұстанымдары қандай?
Партия • Бүгін, 16:24
Димаштың жанкүйерлері шала туған сәбилерге көмек көрсетті
Оқиға • Бүгін, 15:50
Өшпес даңқ • Бүгін, 15:30
Unitree роботы мен әскери шоу: Астанадағы мереке ерекше форматта өтті
Мереке • Бүгін, 15:05
5 миллион теңге: Қазақстан ардагерлерді қолдау бойынша көш бастады
Қазақстан • Бүгін, 14:44
7 мамырдағы валюта бағамы белгілі болды
Теңге • Бүгін, 14:36
Жаңа Конституциядағы зайырлылық қағидаты
Ата заң • Бүгін, 14:25
Өшпес даңқ • Бүгін, 14:15
Кең көлемді амнистия: ІІМ кімдерге жеңілдік болатынын түсіндірді
Қоғам • Бүгін, 13:45
Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының төрағасы болып сайланды
Тағайындау • Бүгін, 13:19
«Sarbaz+»: Әскердің цифрлық бел-белесі
Айбын • Бүгін, 13:00