Елбасының өмір жолына арналған кітаптың тұсаукесер рәсімінде Нұрсұлтан Назарбаевтың тұлғалық қасиеттеріне қатысты көңіл толқытар, талайға ой салар әңгімелер айтылды. Сондай-ақ, еңбекті жазу барысында автордың талмай, аянбай тер төккені, кейіпкерін сомдарда адалдықтан аттамай, шындықты ту етіп ұстай білгені де кеңінен сөз етілді.
Тарата айтар болсақ, айтулы жиынға арнайы қатысқан Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстан Президентіне деген ыстық ықыласқа толы лебізін білдіре келіп, «Жібектей есілмеген жол» кітабының маңыздылығына, жазушының өз кейіпкерінің болмыс-бітімін, сан-салалы еңбегін, қайраткерлік қасиетін, өз елін өрге сүйреуде табандылық көрсетіп келе жатқанын, қарым-қабілетін, ерік-жігерін, адами жан дүниесін көркем тілмен жеткізе білгеніне тоқталды.
Сондай-ақ, жиынға қатысқандар арасында Ресей Жазушылар одағы Мәскеу қалалық басқармасының төрағасы, Жазушылардың халықаралық қауымдастығы атқару комитетінің бірінші хатшысы Владимир Бояринов, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры Виктор Садовничий, КСРО-ның халық әртісі Армен Джигарханян, Әзербайжан КСР-інің халық әртісі, аталған республиканың Ресейдегі елшісі Полад Бюльбюльоғлы, белгілі саясаттанушы Максим Шевченко, Қазақстанның Ресейдегі елшісі Марат Тәжин, «Назарбаев орталығы» көпсалалы ғылыми-талдау және гуманитарлық-ағарту мемлекеттік мекемесінің директоры Қанат Саудабаев және тағы басқалар Нұрсұлтан Назарбаев жөнінде және «Жібектей есілмеген жол» кітабына қатысты өз ойларын ортаға салды.
Жиын соңында барлық қатысушылар Елбасына арналған ерен еңбек – «Жібектей есілмеген жол» кітабы қалың оқырманның сүйіп оқитын дүниесіне айналатынына сенім білдірді. Өйткені, әлемдік деңгейдегі тұлға – Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолынан алар үлгі-өнеге мол екенін талайлар біледі.
Айта кетейік, біз Мәскеудегі аталған жиын Астана уақытымен өте кеш өткендіктен, ол туралы қысқаша баяндадық. Бұл туралы кеңінен жазылған мақаланы ертең оқитын боласыздар.
Жақсыбай САМРАТ,
«Егемен Қазақстан» – Мәскеуден.
• 21 Мамыр, 2015
Елбасына арналған кітаптың Мәскеудегі тұсаукесері

14 мамырда бірқатар өңірлерде ауа райы күрт өзгереді
Ауа райы • Кеше
Депутат: Солтүстік Аралды сақтау жобасын жеделдету қажет
Экология • Кеше
Ағза алмастыруға мұқтаждар саны артқан
Қоғам • Кеше
Шахмат • Кеше
Мемлекет басшысы Түркия Президентін қарсы алды
Президент • Кеше
Қазақстанда инфляция қарқыны баяулады
Инфляция • Кеше
Теңгенің нығаюына қандай факторлар әсер етті?
Қаржы • Кеше
Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
Қазақстан • Кеше
Ясауи іліміндегі рухани еркіндік
Таным • Кеше