02 Сәуір, 2015

Венгрия – Қазақстанмен серіктес ел

443 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
01-04-01 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Венгрия Премьер-министрі Виктор Орбанды қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Кездесу барысында тараптар екі елдің өзара ықпалдастығының кең ауқымдағы мәселелерін, сон­дай-ақ, халықаралық күн тәрті­бін­дегі өзекті жайттарды талқылады. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Венгрия халықтарының тарихи тұрғыдан жақындығына тоқ­талып өтті. – Біз Венгрияны нағыз досымыз деп санаймыз. Елдеріміздің та­рихи тамыры ортақ және даму жолдары ұқсас. Венгрия – біз үшін Еуропадағы маңызды тірек саналатын ел, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті екі ел ынтымақтастығы дамуының үде­мелі қарқынына назар аударды. 01-04-02 – Бұл біздің бірінші кез­десуі­міз емес.  Бұл байланыс­тар біздің сауда-экономикалық қарым-қатынастарды ны­ғай­туға ықыласты екенімізді көрсе­теді. Біз Венгрияның Еуропа­лық одақ елдері арасынан ал­ғаш­қылардың бірі болып Қазақ­стан­мен стратегиялық серік­тестік туралы келісімге қол қой­ғанын жоғары бағалаймыз. Сіздің сапарыңыз нәтижелі болуы, ынтымақтастығымыздың нақты бағыттары бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілуі үшін біз қажетті күш-жігерімізді жұмсайтын боламыз, – деді Мемлекет басшысы. В.Орбан өз кезегінде Қазақстан Президентіне елге шақыру үшін ризашылық білдіріп, венгр халқының сәлемін жеткізді. – Әлемдегі күрделі ахуал жағ­дайында біз Сіздің бұдан арғы ынтымақтастығымыздың перс­пек­тивалары жөніндегі пікіріңізді білуге мүдделіміз. Қазақстан Еуро­палық одақта оның біздің ел сияқ­ты сенімді досының бар еке­ніне сенуіне болады. Будапеште біз Астана көшесін ашқанымызды жеткізгім келеді. Біз саяси және мәдени байланыстарымыз тиісті деңгейде деп санаймыз, оның ар жағында Сіздің қолдауыңыздың тұрғанын да сезініп отырмыз, – деді Венгрия Премьер-министрі. В.Орбан, сондай-ақ, Нұр­сұл­тан Назарбаевтың президенттік сайлауға қатысу туралы шешімі Қазақстанның болашақтағы тұрақтылығын да қамтамасыз ету­дің кепілі екенін айтты. Осы­ған байланысты Венгрия Пре­мьер-министрі өз елінің атынан Мемлекет басшысына зор табыс тіледі. Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.