АСТАНА. 7 наурыз. Бүгін футболдан Қазақстан премьер-лигасының тұсауы кесілді. Соған орай ел футболының элиталық тобында ойнайтын 12 команда жасыл алаңға шықты. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Әдеттегідей алғашқы турда айтарлықтай оқиға тіркелмеді. Тіпті алты ойында барлығы 10 ғана гол соғылды. Ал екі кездесуде мүлдем есеп ашылған жоқ. Сондай-ақ, тек екі ойында жеңімпаз анықталып, төрт бәсекеде тең нәтиже тіркелді.
Турдың орталық кездесуі Алматыда өтті. Жанкүйерлердің қызығушылығын тудырған ойында жергілікті «Қайрат» Қостанайдың «Тобылын» қабылдады. Қос команданың да ел футболында өзіндік орны бар. Сол себепті де орталық кездесуге баланған ойыннан көпшілік екі мықтының арасындағы нағыз тартысты күткен еді. Дегенмен, отандық футболсүйер қауымның үміті ақталмай, ойын өрнегі тек бір команданың бақылауымен өрбіді. Бұл ойында биылғы чемпионаттың алғашқы хет-тригі тіркелгенін айта кетейік. «Тобылдың» қақпасын үш мәрте дәл көздеген Жерар Гоу әзірге мергендер көшін бастап тұр. Ойынның 78-минутында «Қайрат» сапынан Заурбек Плиев қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Соған қарамастан, қостанайлықтар есеп айырмасын қысқарта алмады. Тіпті алматылықтар он ойыншымен жүріп-ақ төртінші голдарын соғып, жанкүйерлерінің алғысына бөленді. Нәтижесінде, алаң иелері 4:0 есебімен жеңіске жетті.
Бірінші турдың қорытындысы төмендегідей:
«Қайсар» (Қызылорда) – «Жетісу» (Талдықорған) – 0:0
«Тараз» – «Шахтер» (Қарағанды) – 0:0
«Ордабасы» (Шымкент) – «Ертіс» (Павлодар) – 1:1
Голдар: И.Божич 12 (1:0), А.Гатагов 45 (1:1).
«Ақтөбе» – «Атырау» – 1:1
Голдар: М.Байжанов 45 (0:1), Д.Жалмұқан 62 (1:1).
«Астана» – «Оқжетпес» (Көкшетау) – 2:0
Голдар: Р.Каньяс 37 (1:0), П.Твумаси 59 (2:0).
«Қайрат» (Алматы) – «Тобыл» (Қостанай) – 4:0
Голдар: Ж.Гоу 16 (1:0), Ж.Гоу 25 (П) (2:0), Б.Исламхан 55 (П) (3:0), Ж.Гоу 90 (4:0).
2-тур ойындары 11 наурызда өтеді:
«Ақтөбе» – «Қайрат».
«Ертіс» – «Астана».
«Атырау» – «Тараз».
«Шахтер» – «Ордабасы».
«Оқжетпес» – «Қайсар».
«Жетісу» – «Тобыл».
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: prosportkz.kz.
• 07 Наурыз, 2015
Алғашқы турда екі ойында ғана жеңімпаз анықталды

Астанада Марал көпірінің бір бөлігі жабылады
Елорда • Бүгін, 22:42
Медицинада жасанды интеллект қолдану: Жаңа нормативтік құжат әзірленді
Медицина • Бүгін, 22:02
Отан қорғаушылар күні Астанада ірі плац-концерт өтеді
Елорда • Бүгін, 21:28
Астанада киберспорттан әлемдік деңгейдегі 16 команда жарысқа түседі
Спорт • Бүгін, 21:12
TikTok-тағы таныстық қымбатқа түскен: Жас жігіт 2,3 млн теңгесінен айырылған
Оқиға • Бүгін, 20:56
Қай айда туғандар ұзақ өмір сүреді? Ғалымдар сенсациялық қорытынды жасады
Таным • Бүгін, 19:53
Ұлттық банк мамырда қанша валюта сататынын жариялады
Банк • Бүгін, 19:15
Үкімет Риддердегі жылу желілерін жөндеуге 1,8 млрд теңге бөлді
Үкімет • Бүгін, 18:52
Белгілі кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов жұмысшыларына тағы 50 пәтер сыйлады
Қоғам • Бүгін, 18:28
Телефонға телмірген жалғыздық пен жоғалған құндылық: Астанада ерекше көрме ашылды
Мәдениет • Бүгін, 18:05
Енді статистикалық деректерді «AI Stat» сервисі арқылы алуға болады
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:53
Елордадағы жантүршігерлік жағдай: Эвакуатор жүргізушісі аялдамаға соғылды
Оқиға • Бүгін, 17:31
Президентке көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді
Президент • Бүгін, 17:10
Жаңа Конституция: Елдің саяси жүйесі қалай өзгереді?
Ата заң • Бүгін, 17:02