АСТАНА. 8 наурыз. Финляндияның Лахти қаласында өтіп жатқан шаңғыдан Әлем кубогының кезекті кезеңінде отандасымыз Александр Полторанин күміс жүлдеге қол жеткізді. Ол 15 километрге созылған классикалық жарыста мәре сызығын екінші болып қиды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Александр жарыс жолын 34 минут 54,2 секундта жүріп өтті. Ал біздің шаңғышыдан мәреге үш секунд ерте келген (34:51,2) итальян Франческо де Фабиани кезең жеңімпазы атанды. Қола жүлде жарыс қожайыны Сами Яухоярвиге бұйырды. Ол жеңімпаздан 4,6 секунд қалып қойды.
Осы жарысқа қатысқан тағы бір отандасымыз Денис Волотка мәреге 65-ші болып келді. Денис 15 километрді 38:29,5 уақытта жүріп өтті. Сайысқа қатысуға барлығы 73 шаңғышы өтініш білдіріп, соның 71-і жарыс жолына шыққанын айта кетейік.
Өткен жылдың қарашасында бастау алған әлем кубогы жарысы осы наурыз айында аяқталады. Соңғы екі кезең 11, 14 наурыз күндері Норвегияның Драммен және Осло қалаларында өтеді. Бүгінге дейінгі кезеңдердің қорытындысы бойынша Александр Полторанин жалпы есепте 9-орында келеді. Оның еншісінде 457 ұпай бар. Ал көш басында 1211 ұпаймен Мартин Суннбю (Норвегия) келеді.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: ski-nordique.net.
• 08 Наурыз, 2015
Полторанин Әлем кубогы кезеңінде екінші орын алды

Астанада Марал көпірінің бір бөлігі жабылады
Елорда • Бүгін, 22:42
Медицинада жасанды интеллект қолдану: Жаңа нормативтік құжат әзірленді
Медицина • Бүгін, 22:02
Отан қорғаушылар күні Астанада ірі плац-концерт өтеді
Елорда • Бүгін, 21:28
Астанада киберспорттан әлемдік деңгейдегі 16 команда жарысқа түседі
Спорт • Бүгін, 21:12
TikTok-тағы таныстық қымбатқа түскен: Жас жігіт 2,3 млн теңгесінен айырылған
Оқиға • Бүгін, 20:56
Қай айда туғандар ұзақ өмір сүреді? Ғалымдар сенсациялық қорытынды жасады
Таным • Бүгін, 19:53
Ұлттық банк мамырда қанша валюта сататынын жариялады
Банк • Бүгін, 19:15
Үкімет Риддердегі жылу желілерін жөндеуге 1,8 млрд теңге бөлді
Үкімет • Бүгін, 18:52
Белгілі кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов жұмысшыларына тағы 50 пәтер сыйлады
Қоғам • Бүгін, 18:28
Телефонға телмірген жалғыздық пен жоғалған құндылық: Астанада ерекше көрме ашылды
Мәдениет • Бүгін, 18:05
Енді статистикалық деректерді «AI Stat» сервисі арқылы алуға болады
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:53
Елордадағы жантүршігерлік жағдай: Эвакуатор жүргізушісі аялдамаға соғылды
Оқиға • Бүгін, 17:31
Президентке көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді
Президент • Бүгін, 17:10
Жаңа Конституция: Елдің саяси жүйесі қалай өзгереді?
Ата заң • Бүгін, 17:02