АСТАНА. 8 наурыз. Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) ел намысын қорғайтын «Астана арландары» Венесуэлада жергілікті «Caciques Venezuela» командасын 3:2 есебімен жеңді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Жасыратыны жоқ, отандық жанкүйерлер бұл жекпе-жекте «арландардың» оңай жеңіске жететініне сенімді болған. Оған басты себеп, астаналықтардың биылғы маусымдағы қарқыны. Осыған дейін 7 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен біздің команда Венесуэлаға фаворит ретінде аттанды. Тек бұл айқаста емес, жалпы биылғы маусымдағы чемпиондықтан басты үміткер «арландарға» дәл венесуэлалықтар лайықты қарсылық көрсетеді деп ешкім ойламағаны анық. Оның үстіне, латынамерикалық боксшылар бүгінде «В» тобындағы 7 команданың арасында 5-орында келеді. Қос команданың алғашқы айналымдағы кездесуінде «арландардың» 5:0 есебімен «талап» тастағаны тағы бар. Сондықтан бұл тартыста қазақстандық команданың жеңісіне ешкім күмән келтірмеді.
Алайда, Венесуэла астанасы Каракастағы айқас біз ойлағандай оңай болмады. Тіпті жекпе-жек барысында жалпыесепте шаршы алаң қожайындарының алға шыққан кезі де тіркелді. Десе де, тәжірибе мен шеберліктің септігімен Марат Жакиевтен тәлім алатын боксшыларымыз маусымдағы сегізінші жеңістеріне қол жеткізді.
Венесуэладағы айқастың нәтижесі мынадай:
52 келі, Карлос Осканио Перес – Олжас Сәттібаев – 0:3 (46:49, 45:50, 46:49).
60 келі, Макайо Лейва – Зәкір Сафиуллин – 2:1.
69 келі, Маэстре Перес Габриэль – Асланбек Шымбергенов – 3:0 (50:44, 50:44, 50:45).
81 келі, Рамирес Дюран Альберт Рамон – Хрвое Сеп – 1:2 (47:48, 47:48, 48:47).
+91 келі, Эдгар Мунос – Филипп Хргович – техникалық нокаут (ТКО, R2).
Осы жеңісінен кейін «Астана арландары» қоржындағы ұпай санын 24-ке жеткізді. Бұл көрсеткішпен біздің боксшылар WSB жобасының «В» тобында жеке дара көш бастап келеді. Ал «А» тобында дәл сондай ұпайға ие Кубаның «Cuba Domadores» командасы топ бастап тұр.
«Арландар» келесі жекпе-жектерін 13 наурызда Польшаның «Rafako Hussars Poland» командасына қарсы өткізеді. Бұл тартыстың Шымкентте өтетінін айта кетейік.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: astanaarlans.kz.
• 08 Наурыз, 2015
«Арландар» қатарынан сегізінші рет жеңіске жетті

Астанада Марал көпірінің бір бөлігі жабылады
Елорда • Бүгін, 22:42
Медицинада жасанды интеллект қолдану: Жаңа нормативтік құжат әзірленді
Медицина • Бүгін, 22:02
Отан қорғаушылар күні Астанада ірі плац-концерт өтеді
Елорда • Бүгін, 21:28
Астанада киберспорттан әлемдік деңгейдегі 16 команда жарысқа түседі
Спорт • Бүгін, 21:12
TikTok-тағы таныстық қымбатқа түскен: Жас жігіт 2,3 млн теңгесінен айырылған
Оқиға • Бүгін, 20:56
Қай айда туғандар ұзақ өмір сүреді? Ғалымдар сенсациялық қорытынды жасады
Таным • Бүгін, 19:53
Ұлттық банк мамырда қанша валюта сататынын жариялады
Банк • Бүгін, 19:15
Үкімет Риддердегі жылу желілерін жөндеуге 1,8 млрд теңге бөлді
Үкімет • Бүгін, 18:52
Белгілі кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов жұмысшыларына тағы 50 пәтер сыйлады
Қоғам • Бүгін, 18:28
Телефонға телмірген жалғыздық пен жоғалған құндылық: Астанада ерекше көрме ашылды
Мәдениет • Бүгін, 18:05
Енді статистикалық деректерді «AI Stat» сервисі арқылы алуға болады
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:53
Елордадағы жантүршігерлік жағдай: Эвакуатор жүргізушісі аялдамаға соғылды
Оқиға • Бүгін, 17:31
Президентке көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді
Президент • Бүгін, 17:10
Жаңа Конституция: Елдің саяси жүйесі қалай өзгереді?
Ата заң • Бүгін, 17:02