Енді Астана тұрғындары мен қонақтары қоғамдық көліктерде тегін интернетке қосыла алады. Осы мақсатта қолға алынған жоба аясында 400 автобус ғаламтормен жабдықталды. Ұйымдастырушылар шілденің соңына дейін қаладағы барлық автобус паркін осындай желімен қамтуды жоспарлап отыр.
Жобаны Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Beeline Қазақстан» компаниясы жүзеге асырды. Сондай-ақ, «Астана Innovations» инновациялық даму операторы мен «Астана LRT» елорданың көлік инфрақұрылымын дамыту операторы тың бастаманың сенімді серіктестері болып табылады.
Жалпы, бұл жұмыс Елбасының Астананы әлемдегі 50 ақылды қаланың қатарына қосу туралы тапсырмасына сәйкес жасалып отыр. Соған орай елорданың көлік жүйесін кешенді түрде жаңғырту ісі қарқынды жүргізілуде. Бұл ретте, ең алдымен, халық үшін қолайлы жағдай туғызу көзделген.
«Beeline Қазақстан» компаниясының атқарушы директоры Тарас Пархоменконың айтуынша, әр автобуста бір мезетте 15-20 адам ғаламторға қосыла алады. Бір сеансы 15 минуттан тұрады. Сондай-ақ, ол алғашқы сәттен-ақ халықтың жобаға ерекше қызығушылық танытқанын айтты.
– Желінің жылдамдығы секундына 1,5-тен 10 мегабайтқа дейін жетеді. Жоба қосылғаннан кейін бiрнеше сағаттың iшiнде автобустардағы интернеттi 300-ден астам адам пайдаланады. Сол уақыттың ішінде олар 2,5 гигабайт трафикті пайдаланып үлгерген, – деді Т.Пархоменко.
Айта кетейік, WI-FI Bus жобасы Қазақстанда 2013 жылы қолға алынды. Содан бері Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Петропавл, Түркістан, Орал және Көкшетау қалаларында 200-ге жуық қоғамдық көлік тегін интернетпен қамтылды. Ал Астана бұл қатарға еліміздегі тоғызыншы қала болып тіркелді.
Еламан ҚОҢЫР,
«Егемен Қазақстан».

Отан қорғаушылар күні қарсаңында Ұлытауда үздіктер марапатталды
Мереке • Бүгін, 18:46
Шағын және орта бизнестің үлесі жалпы ішкі өнімнің 40%-ына жетті
Бизнес • Бүгін, 18:24
Алматы облысында жолдың бір бөлігі опырылып түсті
Алматы • Бүгін, 18:05
Қазақстанның табиғаты Батыс жұртының назарын аударды
Қазақстан • Бүгін, 18:03
Алматыда заңсыз салынған автосервис нысаны сүрілді
Алматы • Бүгін, 17:46
Полиция қызметкерлеріне пара берген: Грузияда жасырынған кәсіпкер елге қайтарылды
Жемқорлық • Бүгін, 17:45
Мемлекет басшысы Аустрияның Үкімет мүшелерін қабылдады
Президент • Бүгін, 17:43
Үкімет Абай облысының жылу желілерін жөндеуге 2,5 млрд теңге бөлді
Үкімет • Бүгін, 17:29
Ақтөбе облысында қызметінен босатылған аудан әкімі өлі табылды
Оқиға • Бүгін, 16:36
«Қайрат» пен «Қайсардың» матчын қайдан көруге болады?
Футбол • Бүгін, 16:32
Мереке күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 15:58
Қазақстандағы ерлер саны 10 миллионнан асты
Қоғам • Бүгін, 15:54
Швейцарияның SWISS ұшағы Алматы әуежайына шұғыл қонды
Оқиға • Бүгін, 15:25