АСТАНА. 28 тамыз. Президент Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған «Конституция: бірлік, тұрақтылық, өркендеу» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Конференция жұмысына Үкімет мүшелері, Парламент палаталарының төрағалары мен депутаттары, Конституциялық Кеңес төрағасы мен мүшелері, беделді халықаралық ұйымдар делегациялары, сондай-ақ 28 елдің құқық қорғау мекемелері мен прокуратураларының, соттарының, конституциялық бақылау органдарының басшылары, отандық және шетелдік танымал заңгер-ғалымдар, саясаттанушылар мен сарапшылар қатысты.
Мемлекет басшысы конференцияға қатысушыларға арнаған сөзінде 1995 жылғы 30 тамызда Конституция жөніндегі референдумда бірден-бір дұрыс жол таңдалғанын атап өтті.
«Егер біздің мемлекет құру жолындағы қадамдарымыз асығыс, саяси тұрғыдан абстрактілі жобаларға негізделетін болса, онда сәтсіздікке ұшырайтынымыз анық еді. Оның залалы орасан болар еді. Біз мемлекет құру аса жауапты, күрделі, ұзақ әрі шетін үдеріс екенін көптеген тәуелсіз жаңа мемлекеттердің тәжірибесінен, кейде аса өкінішті мысалдарынан білеміз. Мемлекет құру қатаң кесте немесе утопиялық жоспарлар негізінде жүзеге асырылуы мүмкін емес. Экономикалық прогресс және халық бақуаттылығы болмайынша орнықты тұрақтылық болмайды. Ал елдегі тұрақтылықсыз табысты өзгерістер жасау мүмкіндігі де қалмас еді», – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев еліміз Конституция ережелерін басшылыққа ала отырып, небәрі екі онжылдықта үлкен жолды жүріп өткенін айтты.
«Қазақстан – бүгінде әбден қалыптасқан, әлемнің абыройлы және лайықты мемлекеті. Бұл – біздің Негізгі Заңымыздың барлық ережелері мен қағидаттарының нақты іс жүзіне асуы. Жақсы жағына қарай өзгеруге бейім тұратын мемлекеттік және қоғамдық құрылыс қана тиімді болып саналады. Біздің Ата Заңымызда табысты даму үшін де, Ұлттың өзін-өзі жаңғыртуы үшін де қажетті барлық құқықтық тетіктер бар. Біз 2050 жылға дейінгі стратегиялық бағдарламамыздың негізінде алдымызға Қазақстанды әлемдегі ең дамыған 30 елдің біріне айналдыру жөнінде жаһандық мақсат қойдық», – деді Елбасы.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы конференцияға қатысушылардың жұмыстары жемісті және табысты болуына тілектестік білдірді.
Іс-шара барысында Еуропа кеңесі Венеция комиссиясының вице-президенті Е.Танчев, Еуразиялық экономикалық одақ сотының төрағасы, Армения Республикасының Конституциялық сотының төрағасы, Жаңа демократия елдері конституциялық бақылау органдары конференциясының төрағасы Г.Арутюнян сөз сөйледі.
Конференцияға қатысушылар конституциялық құрылыстағы Қазақстанның тәжірибесіне жоғары баға беріп, елдің конституциялық тұрғыдан дамуындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың атқарған рөлі айрықша екенін атап өтті.
Шетелдік қонақтар Қазақстанның қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтаудағы, этносаралық және дінаралық келісімді қамтамасыз етудегі табыстарын, сондай-ақ демократияландыру және ырықтандыру үдерісіндегі орнықтылық пен жүйелілікті атап көрсетті.
Айдар Өрісбаев.
Дерек, сурет: akorda.kz.
• 28 Тамыз, 2015
Елбасы Конституциясының 20 жылдығына арналған конференцияға қатысты

Футболдан ел кубогінің ширек финалына қай клубтар шықты?
Спорт • Бүгін, 17:32
Астанада Тілендиев даңғылының бір бөлігі 9 мамырға дейін жабылады
Елорда • Бүгін, 17:27
Азия кубогі: Қазақстан триатлоншылары төрт медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 17:10
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 16:50
Лондонда үстел теннисінен әлем чемпионаты өтіп жатыр
Спорт • Бүгін, 16:22
Grand Slam: Душанбеде Қазақстан дзюдошысы қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:52
Трамп Иранға қарсы соғыстың аяқталғанын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 15:29
Қазақстан қажылары үшін Мекке мен Мәдинада жеңілдетілген бағдарлама іске қосылады
Қоғам • Бүгін, 14:59
«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:46
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты: 14 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Әскер • Бүгін, 12:12
Таразда мектеп аумағында биіктіктен құлаған оқушы ауыр жарақат алды
Аймақтар • Бүгін, 11:12
Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Оқиға • Бүгін, 10:50