КӨКШЕТАУ. 28 тамыз. Қайғылы жағдай өткен желтоқсан айында, Бірлік ауылында орын алған. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Ақмола облыстық прокуратурасы 10-шы басқармасының прокуроры Мәншүк Жүнісованың хабарлауынша, Жергілікті 59 жастағы тұрғын Р-ның азаматтық некедегі әйелі В. басқа кісінің етегінен ұстап кеткені жүрегіне қатты батса керек. Оның үстіне бәсекелесі Х. осы ауылда тұратыны, азаматтық әйелінің көз алдында көлбеңдеп жүретіні зығырданын қайнатқан көрінеді. Жүрекке әмір жүрмейтінін ескермеген Р. «жігіт сияқты» сөйлеспек болып, бәсекелесі тұрып жатқан үйде біршама байбалам шығарады. Бұдан тиісті нәтиже болмаған сияқты. Ертеңінде көзі қарауытқан Р. әлгі үйге тағы да келеді. Қаны басына шапқан ол қалың ұйқыдағы Х-ның басын балтамен соққан. Ол сол жерде жан тапсырады. Шошып оянған В. полицияға телефон шалып, болған жағдайды хабарлаған. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот жуырда осы қанды оқиғаның нүктесін қойды. Енді Р. қатаң режімдегі колонияда 13 жыл бойы жаза мерзімін өтейтін болады. Ақмола облыстық сотының аппеляциялық коллегиясы үкімді өзгеріссіз қалдырды. Бақберген Амалбек. Дерек, сурет: egemen.kzӨлімге әкелуі мүмкін: Қазақстанның 4 өңірінде аса қауіпті вирус таралып жатыр
Қоғам • Бүгін, 18:04
Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 17:55
Түркістан облысында шибөрі балаларға шабуыл жасаған
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:29
Тасқын қаупі: Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстандағы ахуал қандай?
Қазақстан • Бүгін, 17:11
Жеке куәлікті онлайн рәсімдеу неге қиын? Министрлік жүйедегі ақауларды түсіндірді
Оқиға • Бүгін, 16:59
Ербол Тұяқбаев еңбек қауіпсіздігін дамытудың негізгі бағыттарын атады
Қоғам • Бүгін, 16:37
Соңғы бес жылдағы оң өзгеріс: Елімізде өндірістік жарақаттану деңгейі 8,3%-ға азайды
Қоғам • Бүгін, 16:22
Астанада ақылы эвакуация күшіне енді: Көлікті қай жерге қоюға болмайды?
Қоғам • Бүгін, 16:17
60 жылдық жұмбақ: 23 жастағы жігіт ChatGPT көмегімен күрделі есептің шешімін тапты
Ғылым • Бүгін, 16:03
«Ascle» жобасы: Жасанды интеллект дәрігер қабылдауындағы кезекті азайтуға көмектеседі
Медицина • Бүгін, 15:22
Қазақстан мен Израиль президенттері Alem.ai орталығына барды
Президент • Бүгін, 15:03
Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы 4 жылға сотталды
Әлем • Бүгін, 14:51
Шымкентте пластик бұйымдарын шығаратын цехтан өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 14:46
