Мұғалім – мектептегі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында жаңғырту стратегиясын жүзеге асыратын басты тұлға. Қазақстанда соңғы бес жылда қолданысқа енген институттық реформалар арасында педагогтың мәртебесін арттыру және оның тұрақты кәсіби дамуын қолдау жүйесіне ерекше орын бөлініп отыр. 2012 жылы 1 республикалық және 14 облыстық, Астана мен Алматы қалаларының педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институттарын біріктіретін «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамын құру нәтижесінде мұғалімнің кәсіби сапалы дамуының стратегиясы қалыптасты.
2015-2016 оқу жылының басында «Өрлеу» БАҰО» АҚ-тың 17 институты біліктілікті арттырудың қысқа мерзімді және деңгейлік курстарының бағдарламаларын жүзеге асырудың, көптілді білім беруді ұйымдастыруға дайындықтың, PISA және TIMSS халықаралық зерттеуіне қатысудың айтарлықтай тәжірибелерімен келді. Биылғы жылдың қыркүйек айынан бастап біліктілік арттырудың жаңа бағдарламалары, оның ішінде: «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік тәрбиенің үш айлық курсы, инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың айлық курсы ұсынылады.
PISA халықаралық зерттеуін өткізу аясында оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту бағдарламасы бойынша орталықтың профессор-оқытушылар құрамы қатарынан 90 тәлімгер дайындалып шықты. Мектептегі білім берудің жаңғыртылған мазмұны аясында мұғалімдерді жұмысқа дайындауға «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ 8 бағдарламасы бойынша 264 қызметкер оқытылды. Мұғалімді қолдауға вебинарлар, конференциялар, семинарлар, әдістемелік десанттар өткізілді, институттардың мерзімдік ақпараттық, ғылыми және әдістемелік газет-журналдарында оқу үдерісін ұйымдастырудың өзекті мәселелері бойынша 700-ден аса ғылыми-әдістемелік әзірлеме шықты. Аймақтарда «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырған «Педагогикалық оқулар», «Үздік әдіскер», «Үздік психолог» республикалық байқаулары қолдау тапты.
Ал Қарағанды біліктілікті арттыру институты «шынайы кәсіби қолдау курстарда аяқталмайды» деген қағидатты ұстанады. Мәселен мұғалім институт педагогтарымен бірге курстан кейінгі жұмыстың картасын – үздіксіз кәсіби даму механизмін іске қосуға бағытталған ерекше тұлғалық өсу бағдарламасын жасайды. Біз ауылдық жерлердегі сертификатталған мұғалімдерді курстан кейінгі қолдауға да ерекше көңіл бөлеміз. Біліктілік арттырудың деңгейлік курстарында оқудан өтуге мүмкіндік алмаған мұғалімдер арасында «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ тәжірибесін таратуға мүмкіндік туғызуды қолға алдық.
Мұғалімді оқыту жауапты әрі қиын. Біліктілік арттыру институтының профессор-оқытушылар құрамы Қарағанды облысында бәсекеге қабілетті педагогтар дайындауға күш-жігерін аямайды. Сондықтан да, қазақстандық үлгілі мектептер құруға жағдай қалыптастырып, маңызды іске өз үлесімізді қосамыз.
Сәулеш МҰҚАНОВА,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры, педагогика ғылымдарының докторы.

Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 19:55
Батыс Қазақстанда ауылдық округ әкімдерінің облыстық I форумы өтті
Аймақтар • Бүгін, 19:39
Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Ғылым • Бүгін, 18:54
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Бүгін, 18:33
Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21
Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 16:20
Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Алматы • Бүгін, 16:12