Елдігіміздің еселі болуында осыдан жиырма жыл бұрын қабылданып, мемлекетіміздің тұрақтылық нышанына айналған Қазақстан Республикасының Конституциясының алар орны биік.
Бүгінгі Ата Заңымыздың қайнар бастауы – тарихтың түкпірінен тартылған, ата-бабаларымыздың өмір сүру дағдысымен біте қайнасқан тұлғалары асқар таудай әз Тәукенің «Жеті Жарғысы», Қасым ханның «Қасқа жолының» лайықты жалғасы екендігі даусыз. Себебі, адамзат дамуының үшінші мыңжылдығының қарсаңында қабылданған Ата Заңымыз егемен еліміздің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық өміріндегі аса зор тарихи оқиғаның бірі болып қана қоймай, ол республикамыздағы өрелі өзгерістерді: бейбіт өмірге деген құштарлығымызды, қауымдасуға деген қалауымызды, мемлекетіміздің құқықтық негіздерін, оның саяси жүйесін, азаматтарымыздың құқықтары мен міндеттерін, меншік нысандарының сан алуандығын дәйектеп берді.
Еліміздің басты Заңы – қоғамның қарқынды қалауы мен әлемдік жүйенің үздіксіз өзгерістеріне төтеп берумен қатар, жасампаздықтың кез келгенінің іске асуына жол ашар мол мүмкіндіктердің «алтын көпіріне» айналды.
Конституциямызда өкіметтің заң шығарушы, атқарушы, сот буындарына бөлінуі және оның өкілеттіктерінің нақты белгіленуі, нарықтық экономика қағидаларының кең көрініс табуы, қоғам өмірін демократияландыру үдерістерінің уақыт өткен сайын қарқын алуы, бастан өткерген қаржы дағдарыстарына қарамастан, мемлекетіміздің межелі биіктерден көрінуі – зайырлы және құқықтық мемлекет құру жолына түскен республикамыздың әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 30 елінің қатарынан орын алуының басты белгілері деп білеміз.
Биылғы жылғы айтулы мерекелер шоғырын құрап отырған – Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығының өтпелі экономикалық сынақтарға қарамастан, «Бәріміз біргеміз, берік іргеміз» ұранын ұстанған кең-байтақ еліміздің 130-дан астам ұлттары мен ұлыстары тарапынан ауызбіршілікте тойланып жатуы да Негізгі Заңымыздың азаматтарымыздың ортақ арман, тілектерін бір арнаға ұштастырғандығының жарқын белгісі. Осынау қуанышты сәтті пайдалана отырып, «Егемен Қазақстан» газеті оқырмандарын Конституция күнімен құттықтап, шаңырақтарына шаттық пен береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін.
Бақытжан ӘБДІРАЙЫМ,
Әділет министрінің орынбасары, заң ғылымдарының докторы, ҰҒА академигі.

Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 19:55
Батыс Қазақстанда ауылдық округ әкімдерінің облыстық I форумы өтті
Аймақтар • Бүгін, 19:39
Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Ғылым • Бүгін, 18:54
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Бүгін, 18:33
Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21
Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 16:20
Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Алматы • Бүгін, 16:12