АСТАНА. 19 қазан. Елбасы Премьер-Министр Кәрім Мәсімовті қабылдады. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Кездесу барысында К.Мәсімов Мемлекет басшысына елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және негізгі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы туралы баяндады.
Елбасы бүгінде республика экономикасы күрделі режімде жұмыс істеп жатқанына назар аударды.
«Энергия тасымалдаушы өнімдер бағасының төмендеуі себепті ел бюджетіне түсетін кірістер 40 пайызға қысқарды. Сонымен қатар, өзге экспорттық тауарлардың негізгі түрлерінің, соның ішінде қара және түсті металдардың, көмірдің бағасы төмендеді. Бұл ретте ауыл шаруашылығы аздаған өсімді қамтамасыз етіп отыр, ал өнеркәсіптік кәсіпорындар, соның ішінде машина жасау саласындағы кәсіпорындар өндірісті азайтты», – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы әлемдік нарықтағы күрделі ахуалға қатысты тұжырымдар Қытайда, АҚШ-та өткен, сондай-ақ Ресей басшылығымен болған келіссөздердің негізінде жасалып отырғанына назар аударды.
«Әлемдегі, соның ішінде Еуропа мен Шығыс Азиядағы экономиканың ахуалын ескере отырып, жағдайдың жуық арада жақсаруын болжау мүмкін емес. Халқымыз қалыптасқан жағдайды білуі тиіс, кәсіпорындарымыздың кірісі азайып, табыстың төмендеуі және жұмыс орындарының қысқаруы ықтимал. 2007-2009 жылдардағыдан да күшті, нағыз дағдарыс дендеп келеді. Осыған байланысты Үкіметке талдау жасауды, дағдарысқа қарсы жұмыстардың жоспарын әзірлеуді, қажетті шараларды белгілеп, оны халыққа жеткізуді тапсырамын», – деді Елбасы.
Қазақстан Президенті мемлекет азаматтардың әлеуметтік көңіл-күйінің төмендеуіне жол бермейтінін тағы да қадап айтты.
«Нұрлы жол» бағдарламасы еңбекпен қамту бағдарламасын толықтыруға, кәсіптік-техникалық білім арқылы жаңа мамандық алу мүмкіндігін кеңейтуге жағдай жасайды. Осылайша жұрт қажет болған жағдайда өз кәсіпорнында жаңа мамандық ала алатын болады. Сонымен қатар, бізде халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау бағдарламасы дайын болуы тиіс», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы өнеркәсіптік кәсіпорындардың көрсеткішін арттырудың, салынып қойған нысандардың қуатын пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.
«Кәсіпорындар мемлекет қаражатпен қамтамасыз етеді деп күтпеуі тиіс. Олай болмайды, Ұлттық қордың ақшасын жаңа нысандар құрылысына, сондай-ақ нашар жұмыс істейтін кәсіпорындарды қолдауға, субсидиялауға пайдалануға тыйым саламын. Бұл жағдайда қандай өндіріс тиімді, қайсысы тиімсіз жұмыс істейтіні бірден көрінеді. Сондай-ақ біз барынша тиімді менеджмент тарту үшін жекешелендіру жүргіземіз», – деді Қазақстан Президенті.
Кездесу қорытындысы бойынша Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді
Айдар Өрісбаев.
Дерек, сурет: akorda.kz.

60 жылдық жұмбақ: 23 жастағы жігіт ChatGPT көмегімен күрделі есептің шешімін тапты
Ғылым • Бүгін, 16:03
«Ascle» жобасы: Жасанды интеллект дәрігер қабылдауындағы кезекті азайтуға көмектеседі
Медицина • Бүгін, 15:22
Қазақстан мен Израиль президенттері Alem.ai орталығына барды
Президент • Бүгін, 15:03
Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы 4 жылға сотталды
Әлем • Бүгін, 14:51
Шымкентте пластик бұйымдарын шығаратын цехтан өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 14:46
Ел тұрғындарының жылдық шығыны 1,3 млн теңгеге жетті
Қоғам • Бүгін, 14:32
Қазақстанда телефондарды тіркеу ережесі өзгереді
Оқиға • Бүгін, 14:16
Елімізде 14 мамандық мүлдем жойылады
Жасанды интеллект • Бүгін, 14:03
Домбыраны «харам» деп жариялаған ақтөбелік 7 жылға сотталуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 13:37
Жантүршігерлік оқиға: Жітіқарада жасөспірім анасын құтқарамын деп қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 13:03
Алматыдағыдан 3 есе қуатты: Бағдат Мусин Қазақстанның жаңа суперкомпьютері туралы айтты
Технология • Бүгін, 12:50
15 жылдан бері алғаш рет: «Болашақ» стипендиясы 10-15 пайызға артуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 12:40
Адамдарға қарай бағытталған: Алматы саябағында отшашу атқандарды полиция іздеп жатыр
Оқиға • Бүгін, 12:29