ҚОСТАНАЙ. 24 мамыр. Қостанай облысының әкіім Нұралы Сәдуақасов Ресейдің Троицк қаласында Челябі облысының губернаторы Борис Дубровскиймен кездесіп, Қарабалық ауданындағы «Троицкая ГРЭС» акционерлікқоғамының филиалы болып саналатын күл үйіндісінің үшінші секциясының пайдалану мерзімін ұзарту мәселесін қарады.Бұлу туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Қостанай облысы бойынша Экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Виктор Мұхамеджанов: «Ресей федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия 2018 жылдың 1 мамырынан бастап, күл тастайтын орынды пайдаланбау жөнінде шешім қабылдаған болатын. Онда 2018 жылдың соңына дейін «ОГК-2» – Троицкая ГРЭС» ашық акционерлік қоғамы күл тастаған көлді толық техникалық және биологиялық өңдеуден өткізіп беру шартын орындауы тиіс», деді.
Троицк электр стансасының күлін тастайтын орынның жұмысын тоқтатын кез алыс емес, екі жыл ғана қалды. Жыл сайынғы шығатын күл қалдықтарының көлемін есептей келгенде, күл тастайтын орынның 3-секциясы мерзімді 2018 жылдың 1 мамырына дейін жартылай ғана толады. Алайда бүгін күл тастайтын орынның толмаған көлемін өңдейтін технология әлі жасалған жоқ.
Өткен жылы қазан айында екі жақ кездесіп, күл тастайтын орынды пайдалану жөніндегі біріңғай ұсыныстар туралы мәжіліс жасаған болатын. Виктор Мұхамеджанов: «Онда 2015 жылдың аяғына дейін күл тастайтын орынның 1, 2 секциясын техникалық және биологиялық өңддеуді аяқтап, 3 секцияны пайдалану шарттарын анықтау мақсатында экологиялық аудит жүргізіп, оны қарап, ұсыныстар енгізуі үшін Экология департаментіне беруі керек болатын. Күл тастайн орынның 3 секциясын пайдалануға беру мәселесі табиғат пайдаланушылар 1 және 2 секцияның жерін өңдеп, мемлекетке тапсырғанда ғана және Шұбаркөл көлінде экологиялық аудит жүргізгенде ғана қаралады» деді.
Ал Троицк электр стансасының директоры Борис Краснопеев шарттардың мерзімді орындалып оытрғанын айтыт. Оның айтуынша, күл тастайтын орынның 1 секциясы өңделді, ол үшінші тоқсанда тапсырылуға тиіс. 2 секциядағы техникалық және биологиялық өңдеу жұмыстары басталды, мамыр айында 26 гектар жер өңделді. Қазірде Троицк ГРЭС-і экологиялық аудит жүргізетін мердігерге конкурс жариялап та қойыпты. Директор қостанайлық экологтарды осылай сендірді.
Облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов 3 секция толмай онда өңдеу жұмыстарының жүргізілмейтінін түсінетінін айтты. Бірақ ресейліктер тарапынан 1 және 2 секцияда толық өңдеу жұмыстары аяқталмайынша, 3 секцияны одан әрі пайдалануға беру туралы мәселе қозғалмайтынын да ескертті.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек, сурет: egemen.kz
• 24 Мамыр, 2015
Шекаралас өңірлердің басшылары Шұбаркөл мәселесін қарады

Өлімге әкелуі мүмкін: Қазақстанның 4 өңірінде аса қауіпті вирус таралып жатыр
Қоғам • Бүгін, 18:04
Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 17:55
Түркістан облысында шибөрі балаларға шабуыл жасаған
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:29
Тасқын қаупі: Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстандағы ахуал қандай?
Қазақстан • Бүгін, 17:11
Жеке куәлікті онлайн рәсімдеу неге қиын? Министрлік жүйедегі ақауларды түсіндірді
Оқиға • Бүгін, 16:59
Ербол Тұяқбаев еңбек қауіпсіздігін дамытудың негізгі бағыттарын атады
Қоғам • Бүгін, 16:37
Соңғы бес жылдағы оң өзгеріс: Елімізде өндірістік жарақаттану деңгейі 8,3%-ға азайды
Қоғам • Бүгін, 16:22
Астанада ақылы эвакуация күшіне енді: Көлікті қай жерге қоюға болмайды?
Қоғам • Бүгін, 16:17
60 жылдық жұмбақ: 23 жастағы жігіт ChatGPT көмегімен күрделі есептің шешімін тапты
Ғылым • Бүгін, 16:03
«Ascle» жобасы: Жасанды интеллект дәрігер қабылдауындағы кезекті азайтуға көмектеседі
Медицина • Бүгін, 15:22
Қазақстан мен Израиль президенттері Alem.ai орталығына барды
Президент • Бүгін, 15:03
Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы 4 жылға сотталды
Әлем • Бүгін, 14:51
Шымкентте пластик бұйымдарын шығаратын цехтан өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 14:46