Бас Прокурор Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен Бас прокуратураның алқа отырысы болып өтті. Онда Ішкі істер министрілігінің уақытша ұстау оқшаулағыштары қызметіндегі заңдылықтың сақталу барысы, сондай-ақ айыппұлды өндіріп алу жөніндегі қаулыларды орындау кезінде заңдылықты қамтамасыз ету нәтижелері талқыланды.
Алқа жұмысын ашқан Қ.Мәми отырысқа Ішкі істер, Әділет, Қаржы, Денсаулық сақтау министрліктері, Жоғарғы Сот өкілдері, Алматы, Астана, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының прокурорлары қатысып отырғанын айта келе, еліміздің Ата Заңы адамның жеке құндылықтары мен бостандығын жоғары қоятынын және осыған орай біздің еліміз алпыстан аса адам құқықтары саласындағы халықаралық шарттарды ратификациялағанын жеткізді. Олардың арасында негізгілері халықаралық азаматтық және саяси құқық пактісі мен адамды азаптау мен шектен шыққан жазалауға қарсы конвенция болып табылады.
Тұтастай алғанда құқық қорғау органдарының қызметі азаматтардың құқын қорғау мен кез келген құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталуы тиіс екендігі белгілі. Бірақ, адамның құқы мен бостандығын сақтау заңдылығы сеніп тапсырылған ішкі істер органдарының өз тарапынан бұзылып жататындығы өкінішті-ақ. Ұсталған адамдарға қатысты жүргізілетін қылмыстық процессуалдық заң талаптары полиция қызметкерлері тарапынан тиісті дәрежеде сақталмайтындығы жасырын емес. Міне, осы және басқа да прокурорлық тексерістерде анықталған көптеген заң бұзушылықтар алқа отырысында ашық айтылды.
Прокурорлар заң бұзушылықты айта отырып, оны бейнекөріністермен іс жүзінде дәлелдеп көрсете білді. Одан байқағанымыз, ішкі істер жүйесінде 217 уақытша ұстау оқшаулағыштар жұмыс істесе, оның тек он сегізі ғана бөлек ғимараттарға орналасқан. Қалғандары ведомстволық бағыныштылыққа байланысты ішкі істер ғимараттарында орын тепкен. Одан да сорақысы олардың бірқатары жартылай жертөлелер болып шықты. Ал бұл ұсталғандарды қамау ережесіне мүлде сәйкес келмейді. 1955 жылы БҰҰ бірінші конгресінде қабылданған бұл ережелерге сай ұсталғандарды қамау орны санитарлық жағдайға толық сәйкес келуі тиіс. Мәселен, Өскемендегі жертөледе орналасқан уақытша ұстау оқшаулағышында күн сәулесінің түсуі түгіл, электр жарығы да жоқ көрінеді. Ал мұндай жағдайда ұсталғандардың тәулік бойы қапаста отыруының өзі адам құқын таптағандық болып табылады. Өйткені, мұндай түнекке әйелдер немесе кәмелет жасына жетпеген балалар, тіпті қарттар да қамалады екен. Кейбір уақытша ұстау оқшаулағыштары темір есіктерінің тор көзінен күн сәулесі түспейді, таза ауа да кірмейді. Осыларға камералардың ішінің иісі мен ылғалдығын қоссаңыз және адамдардың онда толассыз қамалатынын ескерсеңіз, жұқпалы аурулардың ордасына айналмасына ешкім кепілдік бере алмайды. Оған жеткізілген әрбір ұсталғанның туберкулез ауруына шалдыққаны да тексеріліп жатпайды. Мәселен, үстіміздегі жылы уақытша ұстау оқшаулағышынан туберкулездің ашық түрімен ауыратын екі айыпталушы Астана қаласының оқшаулағышына ауыстырылған. Оның үстіне олар оқшаулағышта дені сау адамдармен бірге болған.
Жалпы, уақытша ұстау оқшаулағышы қылмыс жасаған, яғни соған сай күдікті деп табылған адамдарды заң талабына сәйкес уақытша қамайтын арнайы орын болып табылады. Алайда, прокурорлардың айтуына қарағанда, ішкі істер қызметкерлері кейде қылмыс жасағандарды әкімшілік құқық бұзғандар бөлмесіне қамайтындығы да белгілі болып отыр. Бұл бірқатар жағдайда адамдардың өз-өзіне қол жұмсауымен аяқталған. Үстіміздегі жылы осындай екі жағдай тіркеліпті. Мәселен, Теміртау қаласында ұрлық жасады деген күдікпен қолға түскен Д-ны ішкі істер ғимаратының кезекші бөлімінде орналасқан әкімшілік құқық бұзушылық тәртібімен ұсталғандар арасына қамаған. Үш сағаттан соң ол асылып қалған. Міне, прокурорлар тіркеген осындай адам төзгісіз жағдайларға, яғни адам құқының шектелгендігіне байланысты уақытша ұстау оқшаулағыштарының қызметіне талдау жүргізудің мәні зор. Ал қамаудағылардың ұстау жағдайын және ғимараттар мен бөлмелердің күйін белгіленген талаптар мен нормативтерге сәйкес келтіру азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін күшейту қажеттілігін білдіреді. Сондықтан да жоғарыда айтылған мәселелерге байланысты бірқатар уақытша ұстау оқшаулағыштарының қызметі талапқа сай келмегендіктен сот шешімдерімен тоқтатылған.
Алқа отырысының қорытындысы бойынша, Бас Прокурор анықталған заң бұзушылықты жою, уәкілетті органдар тарапынан бақылауды күшейту, прокурорлық қадағалау мен ведомстволық бақылаудың рөлін арттыру, қалыптасқан ахуалды жақсартуға байланысты үйлестірілген әрекеттерді әзірлеу бойынша тиімді шараларды қабылдау қажеттігіне назар аударды.
Александр ТАСБОЛАТОВ.

Елімізде педагогтердің құқығын бұзу фактілері үш есе азайды
Білім • Бүгін, 12:50
Сенат «Құрылыс кодексі» мен «Банктер туралы» заңды Мәжіліске қайтарды
Заң • Бүгін, 12:45
Түркістанда екі бала пиротехникадан зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 12:33
Мемлекет басшысы Олжас Бектеновті қабылдады
Президент • Бүгін, 12:23
Алматыда биыл 20 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылды
Қоғам • Бүгін, 11:59
Мюнхеннен Бейжіңге бағыт алған ұшақ Алматыға шұғыл қонды
Оқиға • Бүгін, 11:52
Астанада «Соғым-FEST» жәрмеңкесі 5 күн бойы өтеді
Елорда • Бүгін, 11:40
2025 жылы Қазақстан спортшылары қандай жетістіктерге қол жеткізді?
Спорт • Бүгін, 11:30
Елімізде тоғыз банк тарату сатысында тұр
Банк • Бүгін, 11:21
Қонақ үйлер заманауи стандарттарға сай жаңартылады
Қоғам • Бүгін, 11:15
Елімізде туризм саласына тартылған инвестиция көлемі өсті
Туризм • Бүгін, 11:05
Құжаттар мен лицензиялардың мерзімін қалай уақытында ұзартып отыруға болады?
Қоғам • Бүгін, 11:00
Балқаш әуежайының модернизациясы қашан аяқталады?
Оқиға • Бүгін, 10:57
Ішкі жалпы өнімдегі орта бизнестің үлесі қандай?
Бизнес • Бүгін, 10:45