29 Қазан, 2010

Жанданған жарыс

450 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Жыл аяғы жақындап келеді. Ал белгі­ленген міндеттердің іске асырылуы қалай? Бұл жайында жақында облыс жұртшылығы кеңінен құлағдар болып қалды. Әлеуметтік-экономикалық саланы дамытуда қалалар мен аудандардың қайсысы алда екенін сараптауға арналып жүргізілген рейтингтің ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығы қорытын­дысында көш басындағылар анықталды. Олардың қарқынды сақтап, жыл мәресіне жақсы табыстардан тайқымай жететіндіктері байқалып отыр. Мұндағы бір жағымды жаңалық, бұған дейін төменгі, орта саптан көрініп жүретін Шах­тинск қаласы көптеген көрсет­кіш­терден жоғары деңгейімен көзге түсуде. Шах­та­лар­дағы апат, қақаған қыс орта­сында жылу бе­ру­дің тоқтап қалуы секілді қи­ындықтарды бас­тан кешкен шағын шаһарда бүгінгі жағдай танығысыз өзгеруін облыс қалалары арасында даму жағынан бірінші орынды иеленуі ай­ғақтайды. Ал аудандар ішінен Жаңаарқа өңірі қа­шанғыдай жарқын істерді жаңғыртушы ре­тін­де осы жолы тағы танылды. Әсіресе, бюд­жет­тің шығыс бөлігінің орындалуы, тұрғын­дар­дың ақшалай кірістерінің ұлғаюы, табиғи өсім бойынша көрсеткіштер көрнекті. Нұра аймағы шағын және орта бизнесті өркендету, жұ­мыссыздықты төмендету, көші-қоңды білікті ұйымдастыру қырынан көріне білсе, Қар­қа­ралы ауданы орта мектептер оқушы­ла­рының үлгерімі, қылмыстың азаюы жөні­нен озық аталды. Дамуы тұрақты өңірлер қа­тарына Ұлытау ауданының да қосылуы сүйінішті құбылыс. Рейтинг қорытындысында сондай-ақ, еліміз бойынша жоғары қарқынмен дамушы 50 аудан тобында Жаңаарқа 18-ші, Нұра 30-шы орыннан табылды. Аталған екі аймақтың бұдан да алдыңғы сапқа шығуға мүмкіндіктері бар, күш-қабілеттері жеткілікті. Сонымен қатар 14 облыстық орталық­тардың арасында Қарағанды қаласының 7-ші орынды иемденіп отырғаны осы рейтинг арқылы белгілі болған мәліметтің бірі. Соның ішінде 6 көрсеткіш бойынша, атап айтқанда, қала бюджеті шығыс бөлігінің атқарылуы, сәби мен ана өлімінің төмендеуі, 10 мың тұр­ғынға шаққанда дәрігер санының толықтығы және мектепке дейінгі мекемелермен жеткін­шектердің жаппай қамтылуы жақтарынан алғашқы үштік сапта. Бұл рейтинг қалалар мен аудандардың жарысты жандандырып, бір-бірінен озу үшін тырысуларына әсер етуде. * * *

ЕГІНДІБҰЛАҚТА ЕСКЕН ЖЫЛЫ ЛЕП

Бұрын жеке аудан болған, кейінде Қар­қаралы аймағына қосылған шалғайдағы бұл өңірге “Алтайполиметалл” компаниясы үлкен өзгерістер жасағалы жатыр. “Көктасжал” ке­нішін игерудің қолға алына бастауы жергілікті өндірістің өркендеуіне жол салмақ. Теректі ауылы маңында құрылысы ірге көтергелі тұр­ған байыту фабрикасында жылына 3 миллион тонна мыс кені өңделіп, тұтынушыларға 18 мың тоннасы ұнтақ түрінде жөнелтілетін жобаны іске асыру үшін 12,8 миллиард теңге игеріледі. Оны облысты үдемелі индустрия­лық-инновациялық дамыту жөніндегі үйлес­тіру кеңесі мақұлдап, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне Индустриялан­ды­ру картасына енгізілу үшін ұсынды. Жаңа өндіріс ошағында 300-ге тарта жұмыс орны ашылады. Бірінші кезекте өңір тұрғын­дары еңбекпен қамтылады. Сонымен бірге Елбасының бизнестің әлеуметтік жауап­кер­шілігіне, әлеуметтік әріптестік мәселесіне ерекше көңіл бөлуіне сәйкес облыстық әкімдік пен аталған компания арасында қол қойылған өзара ынтымақтастық туралы ме­морандумда өңірді осы жағынан қолдау көз­­дел­ген. Соған орай “ Алтайполиметалл” ай­мақ­ты арзанда­тылған электр қуатымен қам­тамасыз етуге, өнер­кәсіпті дамыту үшін тран­зитті энергетика­лық әлеуетті құруға, тұр­ғы­лықты жастардан мамандар даярлауға атса­лы­сатын болады. Сондай-ақ егіндібұлақтық­тар­ды әлеуметтік-тұрмыстық, тұрғын үй құры­лы­сының қоса жүр­гізілмектігі қуантып отыр. Теректі ауы­лында жаңадан 100 үй, спорттық-сауықтыру кешені салынады. Теректі-Егін­ді­бұлақ бағы­тын­дағы 32 шақырымдық жол жөн­деліп, кү­тім­де ұсталады, Шарықты село­лық округінің Айыр елді мекеніне ауыз су тартылады. Аудан таратылғанда жұмыс іздеп жақын маңдағы қалаларға қоныс аударуға мәжбүр болғандардың бүгінде туған жеріне оралып жатқандары күннен-күнге көбейе түсуде. Ауыл шаруашылығымен қатар бұдан былай қарай өндірістің өркендеуі де қызықтыруда оларды. Иә, өскелең өмір лебі Егіндібұлақта да есіп келеді. Айқын НЕСІПБАЙ. Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы.
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық ұлан таланттары

Айбын • Бүгін, 08:55

Майдангер марапатталды

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:53

Мәдени оқиғалар шеруі

Мәдениет • Бүгін, 08:50

Еңбек адамы – ел дамуының негізі

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:38

Қайраткерлік қасиет

Руханият • Бүгін, 08:30