Иә, батыр Бауыржаннан қалған бір құнды тәбәрік Семейден табылып отыр. Кезінде Бәукеңнің “бостандық аралы” атанған Куба елі басшыларының арнайы шақыртуымен әлемнің екінші бір қиырына барып келгені баршамызға мәлім. Сол сапар соңында аты аңызға айналған Фидель Кастроның інісі Рауль Кастро екінші бір аңыз кейіпкері батыр бабамызға ою-өрнегі көз тартатын бамбук ағашынан жасалған таяқты сыйға тартыпты. Осы құнды жәдігер бүгінде қаламен жапсарлас Шығыс кентінде тұратын Оразғайша Құрманғалиева деген кейуананың қолында көрінеді. Оны жуырда қалалық “Ертіс өңірі” газетінде “Батыр бабаның таяғы” деген атпен жарық көрген мақаладан оқып білдік. Оқып білдік те аталған басылымның таралымы аздау екендігін ескере отырып, бұл жаңалықты қалың оқырманға ел газеті “Егемен” арқылы жеткізгенді жөн көрген едік.
Ондағы жазылған кептің қысқаша баяны төмендегідей. Жоғарыда есімі аталған Оразғайша апа бұл жаққа Тарбағатай ауданындағы Ақжар ауылынан келген көрінеді. Сонда қырық жылға жуық білім саласында еңбек етіпті. Ал енді алпысыншы жылдары Мәскеу барып, айды аспанға шығарып Кремльде өнер көрсеткен Ақжар ауылы өнерпаздарының атақ-даңқын алдыңғы буын өкілдері жақсы білсе керек. Бірақ...
Иә, бірақ сол шақта ауыл өнерпаздарына көмекке келген атақты режиссер Асқар Тоқпановтың Мәскеу сахнасына қойылуға тиіс Мұхтар Әуезовтың “Қарагөз” трагедиясы және Шыңғыс Айтматовтың шығармасы бойынша қойылған “Ана — Жер Ана” спектакльдеріндегі Мөржан мен Толғанайдың рөліне лайықты өнерпаз таппай қиналғанын кім біліпті. Сөйтіп, бұлар тығырыққа тіреліп отырғанда мәдениет үйіне Бағдат Рахметова деген ауыл аруы “Өй, азаматтар, қайдасыңдар?” деп кіріп келсе керек. Сонда театр тарланы атанған Асекең “Міне, Мөржан келді” деп екі рөлді де бірден бұған ұсыныпты. Сөйтіп, дайындыққа да кірісіп кетіпті.
Содан бұлар Мәскеуге барып қонақ үйге орналасып жатса, қолында осы таяғы бар батыр Бауыржан келе қалыпты. Ерке де батыл Бағдат еш жасқанбастан халықтың ардақтысына “ассалаумағалейкум” деп сәлем береді. Бұған таныс адамының қызын көргендей қуанған Бәукең Бағдаттан “Әкең бар ма?” деп сұрайды. Бұл әкесінің соғыс ардагері екендігін айтады. Сонда мәрт батыр еш ойланбастан қолындағы таяғын “Әкеңе апарып бер” деп ұсынады. Онымен де шектелмей ақжарлық бойжеткенге “Куба әсерлері” деген кітабын және ұсынып, батасын да береді. Батырдың шапағаты шығар, бұлар Мәскеу сапарынан абыройлары асқақтап қайтады.
Ал Оразғайша апа ақжарлық дәрігер, соғыс ардагері Құрманғали Талтақовтың келіні болса, Бағдат апай сол кісінің қызы. Бағалы тәбәрік бастапқыда соғыс ардагерінің, сонсоң Бағдаттың өзінің қолында болады. Қазірде жоғарыда айтқандай соғыс ардагерінің келінінің қолында. Ол кісі енді оны Бағдаттың балаларына табыстаймын дейтін көрінеді.
Бұл арада біздің билік айтып жатқанымыз дұрыс болмас. Солай дей тұрғанмен, оның ендігі орны биылғы жылы мемлекет қарамағына көшкен Жуалыдағы батыр мұражайы ма дейміз. Батырдан қалған бағалы тәбәрікті елу жылға жуық бір ғана әулет қызықтаса, енді оны халықтың көзайымына айналғаны жөн болар. Өйткені, Абылайдың қамқа тоны да қайта айналып халықтың рухани мұрасына келіп қосылып жатқан жоқ па!
Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ, Семей.

Мария Хаджиева қызметінен босатылды
Қоғам • Бүгін, 15:02
Алматыда тегін ем-дом жүргізілетін кеселдердің тізімі ұлғайды
Медицина • Бүгін, 15:00
Астанада жүргізушісіз таксилер пайда болады
Елорда • Бүгін, 14:51
Алматыда жүрек трансплантациясын жасатқан науқас отбасына оралды
Медицина • Бүгін, 14:40
Кеншілер әулеті елдегі үздік еңбек династияларының бірі деп танылды
Аймақтар • Бүгін, 14:23
Үздік фельдшерлер марапатталды
Медицина • Бүгін, 14:12
Мәжілісте туризмді қолдау туралы заң жобасы қаралды
Қоғам • Бүгін, 14:02
Көкшетауда жаңа көпбейінді аурухана салынып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 13:46
Брижит Бардо 91 жасына қараған шағында өмірден озды
Оқиға • Бүгін, 13:30
Трамп пен Зеленский Флоридадағы кездесуде қандай келісімдерге қол жеткізді?
Әлем • Бүгін, 13:15
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Астана мен Алматыда қандай іс-шаралар өтеді?
Елорда • Бүгін, 13:00
Ел экономикасына тартылған инвестиция 6 млрд долларға жетті
Экономика • Бүгін, 12:52
Футзалдан Қазақстан кубогінің иегері анықталды
Футбол • Бүгін, 12:50
Ақтауда түнде автокөлік өртенді
Төтенше жағдай • Бүгін, 12:43
Атырау облысында жыл ішінде санавиациямен 243 науқасқа көмек көрсетілген
Аймақтар • Бүгін, 12:35