Фото: Ашық дереккөз
Француз кинематографының символына айналған әйгілі актриса, модель және қоғам қайраткері Брижит Бардо 1950-1960 жылдары «Құдай әйелді жаратты» сияқты фильмдердегі рөлдерінен кейін әлемдік деңгейде танымал болды.
1973 жылы Бардо кино саласынан кетіп, өмірін жануарлардың құқығын қорғауға арнады. Ол бүкіл әлем бойынша жануарлардың әл-ауқаты үшін белсенді күресетін жеке қорын құрған болатын.
Экраннан кеткеннен кейін Брижит Бардо көпшілік алдына сирек шыққанымен, Францияның мәдени және қоғамдық өміріндегі маңызды тұлға ретінде қала берді.