Жер дүниені жегідей жеген жемқорлық бәсеңдемей тұр. Сыбайлас жемқорлықтың жолы кесіледі деген ұрандар көбінесе қағаз жүзінде ғана екендігі біртіндеп біліне бастады. Соның бір дәлелі кеше “Нұр Отан” ХДП жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті мәжілісінде көрініс берді. Онда “Жамбыл облысында “Нұр Отан” ХДП сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі бағдарламасының орындалу барысы туралы” мәселе қаралған еді.
Кеңесте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жәй-күйі жөнінде “Нұр Отан” ХДП мүшесі, Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев баяндама жасады. Оның айтуына қарағанда, бірқатар шенеуніктердің алпыс екі тамырын жайлаған қауіпті кеселге қарсы қарқыны қуатты шаралар қолға алыныпты. Соның арқасында жағдай біраз жақсарған көрінеді. Дегенмен, бірнеше жыл қатарынан жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің нәтижесіне сүйенсек, Жамбыл облысында сыбайлас жемқорлықтың саны артпаса, кемімеген. Тіпті жемқорлық деңгейінің тұрақты түрде өсу үрдісі сақталғандықтан, сыбайластық “жарысы” бойынша облыс әлі күнге республикада үшінші орыннан түспей келеді.
Кеңесте сөз алған Парламент Сенатының депутаты Қуаныш Айтаханов Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесуде олардың жемқорлыққа қарсы қатаң күрес жүргізуді қолдап отырғанын айтып өтті. Оның себебі де бар көрінеді. Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің мәліметтеріне қарағанда, облыста үстіміздегі жылдың он айы ішінде 116 жемқорлық қылмыс тіркелген. 39 адам қызметін пайдаланып жалғандыққа барған, 24-і мүлікті талан-таражға салған, 21-і пара алған, 14-і қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған. Тіпті байқасаңыз, келтірілген мәліметтерге қарағанда, Жамбыл облысында сыбайластық жайламаған сала жоқ секілді. Оны сыбайлас жемқорлық жасап, қылмыстық жауапқа тартылғандардың тізімінен айқын байқауға болады. Мәселен, қылмыстық жауапқа 83 адам тартылса, оның 40-ы әкімдіктердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері, 6-уы ішкі істер органдарының қызметкері, одан әрі әділет, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімшелерінің, қылмыстық-атқару жүйесінің, салық қызметінің, кеден қызметі мен ауыл шаруашылығы органдарының қызметкерлері деп тізіле береді. Жемқорлық әрекеті үшін 239 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылса, оның 151-і тағы да әкімшілік немесе олардың құрылымдарының, 29-і ішкі істер қызметкерлері болған.
Әкімдер лауазымдық өкілеттігін пайдаланып жер телімдерін үлестіруде, мүлікті заңдастыру саласында заңды белден басқан. Осы аталған есеп беру мерзімі ішінде прокурорлық шаралар қолдану арқылы жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың 749 заңсыз актісі заңға сәйкестендірілген. Олардың 4-уі облыстық әкімдіктікі, 4-уі облыстық мәслихат, 10-ы қалалық, аудандық мәслихаттар, 140-ы қалалық, аудандық әкімдіктердікі және 590-ы ауылдық әкімдіктердікі болып отыр.
Бюджет қаражатын бақылау қазіргі кезде ерекше назарда тұрғаны белгілі. Облыста көктемгі егіс және күзгі жиын-терін жұмыстарын жүргізуге бөлінген субсидияларды пайдалануға жасалған талдау ауыл шаруашылығына мемлекет тарапынан бөлінген бюджет қаражаты тиімсіз пайдаланылып жатқанын және оны бөлуде жемқорлық көріністері орын алғанын көрсетті, дейді баяндамашы. Үстіміздегі жылғы дала жұмыстары үшін 877 млн. теңге сомасында субсидия бөлінген. Ауылшаруашылық тауар өндірушілерін мемлекеттік қолдауға байланысты заң талаптары сақталмай, егін екпеген шаруа қожалықтарының субсидия алуына жол берілген. Сол сияқты ауыз су бағдарламасы бойынша да ақша қаражаттарын жымқыру етек алған. Қызметкерлерді ауыстыру, жұмыстан шығару жиі жүргізіледі. Бұл әр қызметкердің бойында уақытша қызмет атқарамын деген ой қалыптастырады, сенімсіздік пайда болады. Мұның соңы тағы да жемқорлық көріністеріне апарып соқтырды.
Сондай-ақ облыстағы жемқорлықты айқындайтын тағы бір дәлел ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі республикалық Қоғамдық кеңеске түскен азаматтардың өтініштері бойынша партияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталығының журналистері жүргізген зерттеулер көрсетілді. Онда облыс тұрғындарының нақты қандай жағдайда тұрып, тіршілік етіп жатқандығы ашық баяндалыпты.
Мәжілістің қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлықпен күрестің тиімділігін арттыру және осы аймақта оны неғұрлым төмендету туралы ұсыныстар қабылданды.
Александр ТАСБОЛАТОВ.

Теңгедегі депозит мөлшерлемелері 20%-ға дейін өсті
Қаржы • Бүгін, 19:52
Қазақстанда қаңтар айында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 19:34
Медициналық тексеруден өтпек болған ер адам 10 күнге қамалды
Қоғам • Бүгін, 19:02
Елорда әкімдігі толассыз жауған қарға байланысты мәлімдеме жасады
Ауа райы • Бүгін, 18:44
Төрт облыстағы республикалық жолда көлік қозғалысы шектелді
Ауа райы • Бүгін, 18:23
Зейнетақыны алу тәртібі өзгеруі мүмкін
Экономика • Бүгін, 17:53
Байланыс операторлары мен букмекерлерге айыппұл күшейді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 17:42
Астанада автобус аялдамасын бүлдірген вандал ұсталды
Оқиға • Бүгін, 17:30
Болгария 2026 жылдан бастап еуроға өтеді
Әлем • Бүгін, 17:25
Доллар бағамы 3 теңгеге көтерілді
Қаржы • Бүгін, 17:19
Қаңтар жылы болады: синоптиктердің 2026 жылға болжамы
Ауа райы • Бүгін, 17:09
Қазіргі балалар Аяз атаға сене ме?
Қоғам • Бүгін, 16:53
Шымкенттегі екі тұрғын үй алабына газ берілді
Аймақтар • Бүгін, 16:42
Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • Бүгін, 16:30
Әскери бөлімде Айқас есімді тазы ит қызмет етеді
Қоғам • Бүгін, 16:22