01 Желтоқсан, 2010

Рух төрелігі

643 рет
көрсетілді
28 мин
оқу үшін
Әлем жаралғалы адамзат та­ри­хы­на зер салып зерттесеңіз – адамдар­дың, елдердің, мемлекет­тер­дің белгілі бір жерді мекендеуі де, басқа адамдар, елдермен қо­ғам­дасуы да негізінен жаулап алу немесе жерін қор­ғау әрекет­тері – соғыс арқылы жү­зе­ге асып отыр­ған. Бір данышпан айт­пақшы: «адамзат тарихы – соғыс та­рихы». Со­ң­ғы ғасырға дейін құр­лық­тарда туындаған империялардың басқа елдерді жаулап, басып алуы, олар­ды өз мүддесінде ғана билеп-төс­­теуі және өзінің колониясы етуі – сол әрекет­тердің жемісі. Айбалта, найза, семсерден басталып, ядро­лық қаруға, ға­рыш­та да, теңіз тү­бін­де де, таңқа­лар­лық дәлдікке жет­кізілген технология­лық қару-жа­раққа дейін адам жасаған қару адамды жою үшін пайдаланы­лады. Адамзат қанша өр­ке­ниет дә­уір­­лерінен өтсе де «соғыс» ұғы­мы­­нан арыла алмай келеді. Біздің за­ма­ны­мызда бұл қауіп тіпті қи­тұр­­қыланып, көзге көрінбейтін, қол­мен ұстап сезінбейтін ғайып қа­уіпке ай­налды. Күні кеше ғана Жер плане­та­сы «қырғи-қа­бақ» со­ғыс­ты бастан кешірдік. Бүгін – «ақ­параттық соғыс» ендеп келеді. ХХ ғасыр, әсіресе, Еуропа мен Азия континенттерін қанға бөк­тір­ген қасіретті дәуір болды. Өр­ке­ниетке тең­десі жоқ шабуыл жа­са­лып, өл­шеу­­сіз талқандалып, ора­сан көп адам қырылғанын та­ри­х­тан білеміз. Тіпті өткен алапат қайшылықтар мен қақ­тығыс, қан майдан соғыстардың себеп­те­рі мен зардап, салдарлары, белгісіз беттері әлі күнге дейін зерт­те­ліп, жаңа деректер, адам жа­нын түр­шіктірер құпия әрекет­тер­дің сыры енді ашылып жат­қаны да жұрт­шы­лыққа белгілі. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқ­­­тал­ғаннан кейін әлемдегі мем­ле­кеттер арасындағы түсіністік күр­делі де түбегейлі өзгеріске ұшы­рады. Әрине, ол соғыс кімге бол­са да, әсіресе, Еу­ро­па елдеріне өзіндік сабақ болғаны аян. Сол ке­зеңде мемлекеттер халық­ара­лық қатынастың жаңа сатысына кө­терілді. Дүниежүзілік соғыс өрті ба­сыл­­ғанымен соғыс қаупі жойылған жоқ еді. Ол қауіп ендігі жерде ғы­лым мен техниканың қуатты дамуының, жаңа технологиялар­дың ендірілуінің, әсі­ре­се, жаппай қырып-жоюға бағыт­тал­ған ядро­лық, химиялық қарудың көбеюіне бай­ланысты бұрын-соңды болма­ған мүлде жаңа сипат ала бас­тады. Осы қатерлерге және қандай да бір қуатты елдерге басқа мемлекеттерге үстемдігіне немесе адам­затқа қар­сы әрекеттеріне жол бермеу, сон­дай-ақ бейбіт­ші­лік­ті сақтау мақ­са­тын­да беделді ха­лықаралық ұйым құ­ру қа­жет­ті­лігі туып, Біріккен Ұлт­тар Ұйы­мы (БҰҰ) құрылды. Оның әлем­де­гі қайшылықтарды бәсең­де­тіп, ел­дер мен мемлекеттер арасын­да­ғы текетіресті төмендетуде, бей­біт­шілікті сақтауда соңғы 60 жыл­дан астам уақытта атқарған қыз­меті орасан мол. Ұйымның дү­ниежүзілік қауым­дас­тық ал­дын­­дағы беделі де зор. БҰҰ – әлем­дік қоғамдастықтағы орнына да, атқарып отырған қыз­ме­ті­не де, ең жоғарғы халықаралық ұйым екеніне де ешкімнің дауы жоқ. Алайда, қоғамның дамуы, ха­лық­­аралық қатынастардың үнемі өзгеріп, жаңа проблемалар туын­дап отырары да хақ. Екінші дү­ниежүзілік соғыс­тан кей­ін капиталистік және социалистік болып екі лагерьге бөлінген жүйелер ара­сында «қырғи-қабақ соғыс» ас­­қын­дап, елдер арасындағы бейбіт өмір­­ге сызат түсіре бастады. Екі жүйе жақындасудың орнына орталарына «темір тор» орнатып, бір бірінен алшақтай түсті. Өткен ға­сыр­дың 70-шы жылдарында осындай тоңды жібітуге ба­ғыт­тал­ған сол кездегі Кеңес Одағы­ның тарапынан мейлінше тиімді қадамдар жасалды. Сол мақсат­пен Еуропадағы қауіп­сіз­дік мәсе­ле­­лері жөнінен Кеңес өткізу ұсы­нылды. Олар­ды социалистік лагерьге кіретін Шығыс Еуропа елдері, сондай-ақ Фран­ция, ГФР, Фин­ляндия басшы­ла­ры да қол­да­ды. Кеңесті өт­кі­зу­ге бұ­рын­ғы Фин­ляндияның Прези­денті Урхо Калева Кекконен зор ықы­лас білдіріп, бастамашылық көрсетті. Ақы­ры, 1975 жылдың жазында Фин­­лян­дия астанасы Хельсинки қала­сын­да Еуропадағы 35 елдің басшылары арнайы Кеңеске жи­на­лып, осы тарихи Кеңес Қоры­тын­ды акті қабыл­дады. 1975 жылдың жазында Фин­лян­дия­ның астанасы Хельсин­ки­де өткен әйгілі тарихи кездесуден кейінгі мемлекет басшыларының то­лыққанды да маңызды, әрі есте қа­ларлық басқо­суы 19 жылдан соң, Кеңес Одағы құ­лап, оның ке­ңіс­тігінде жаңа мемлекеттер құ­ры­лып, олар аталмыш ха­лық­ара­лық ұйымға мүше болып қа­был­данғаннан соң, 1994 жылдың жел­тоқсанында Венгрия астанасы Бу­да­пешт қаласында өтті. Будапешт Саммитінің Қазақ­стан үшін орны ерекше. Біз тәуел­сіз мемлекет Туын көтерген ал­ғаш­қы жыл­да­ры Президентіміз Нұр­сұл­тан Әбіш­ұлы Назарбаев­тың аталған Саммит қарсаңында Вен­грияға ресми сапары болды. Са­пар ба­ры­сында біздің Прези­дент Сам­мит­те тұңғыш рет сөз сөйлеп, бір сес­сиясына төр­ағалық етті. Ең бастысы – дәл сол Бу­да­пешт Саммитінде Қазақстан үшін оның болашағына қызмет ететін аса ма­ңыз­ды келісімге қол қо­­й­­ылды. 1991 жылдың 29 тамызында – әлі Кеңес Одағы ыдырамай тұр­ғанда – Нұр­сұлтан Назарбаев орасан зор әлеуметтік жауапкершілікті өз мой­нына алып, Кеңес Ода­ғы мен СОКП басшыларының қар­сылығына қара­мастан, әйгілі Семей ядролық сынақ полигонын өз Жарлығымен жапқаны белгілі. Бұл оқиға тек қазақ халқын  емес, бү­кіл дүниежүзін дүр сілкіндірген, ешкім күтіп, болжамаған жаңа­лық болды. Семей поли­го­нын жап­қаннан кейін Нұрсұлтан Назарбаев тек полигон емес, жал­пы ядролық қа­рудың таралуына, көбеюіне жол бермеу, жаппай қы­рып-жою қаруын шектеу сая­са­тын ұстанатындығын жария етті. Осыдан кейін-ақ ядролық державалар, алдымен АҚШ басшылары Қазақстан Президентімен келіс­сөз­дер жүргізуге кіріскен. Келіс­сөз­дер нә­ти­жесінде Қазақстан өз еркімен яд­ро­лық арсеналдан бас тартып, оны толықтай жоярдың ал­дында біздің жас мемле­ке­ті­міз­дің қауіпсіздігіне ядро­лық қаруы бар мемлекеттердің кепілдік беруі шарт ретінде қойылды. Бұл – біздің жас мемлекеті­міз­дің, Елбасының халықаралық дә­ре­жедегі маңызы зор, өресі кең, мәр­тебесі биік алғашқы және та­ри­хи жеңісі болды. Қазақстан ЕҚЫҰ-ға мүше бол­ған жылдан бастап, біздің мем­лекетіміз халықаралық қа­ты­настың жаңа саты­сына көтерілді. Әсіресе, Еуропа елдерімен саяси, сау­да-экономикалық, мә­дени қа­рым-қатынас жиілеп, олардың біз­ді танып, білуі, бізбен әріп­тес­тік түсіністік жағдайда болуға ұм­тылуы қалыптасты. Мем­ле­ке­тіміз Еуроодақ­қа кіретін барлық мемлекеттермен дип­ломатиялық қа­рым-қатынас орна­тып, екі жақ­та да тұрақты елшіліктер жұмыс істей бастады. Азаматтардың ба­рып-келуіне, аралас-құраласына жол ашылып, бейресми сапарлар да көбейді. ЕҚЫҰ-ның әртүрлі құ­ры­лым­дары мен институттары біз­дің    елімізге қызығушылық біл­­діріп, мем­ле­кетіміздің тыныс-тір­шілігін зерттеп, тануға ден қой­ды. Алғашқы жыл­­­­дары халық­ара­лық ұйымдар өкіл­дері тара­пы­нан кереғар көзқарас­тар мен тү­сін­бестік, тым атүсті, ұш­қа­ры пі­кір­лер болғаны да құпия емес. Тіпті олардың көпшілігі біздің хал­­қымыздың тарихынан, мә­де­ние­тінен, өсу жолынан, дәстү­рі­нен, ұлттық ерекшелігінен мүлде бейхабар еді. Әуелгі кезеңдерде мен­меншіліктері де басым бол­ға­ны белгілі. ЕҚЫҰ институттары ар­қылы елімізге келген көп адамдар әуелгі жылдары әріп­тес­тік тұр­ғыдан емес, өз ойларынша – өз­дерін әлдеқайда жоғары, биік тұр­­ғыдан сезініп, бізге өмір сү­ру­дің қа­ғи­даларын үйрету ниетінде болған­да­ры да ұмытыла қойған жоқ. Бұрынғы Кеңес жүйесі мен СОКП үстемдігін сынай отырып, өз­дері де солардың қателіктерін қай­талауға бейім болған жағ­дай­лар да белең алып тұрды. Қан­дай да ежелгі, ірі мемлекет немесе бел­гілі бір ұйым өкілдері ал­ды­мен әріптестік қатынастан гөрі, үс­темдік, ықпалдылық мүмкін­ді­гін көрсетуге бей­ім тұратыны таңғалдырмай қой­май­ды. Еуропа­лық­тардың өздеріне көп жағдайда ТМД елдеріне, бұрын­ғы Кеңес жүйесіне деген қатып-семіп қал­ған көзқарастарынан арыла алмай жүргендіктерін дәлелдеуге тура кел­гендігін де айта кету жөн. Ол үшін Жаңа Қазақстанда эконо­ми­ка, құқық, білім, ғылым, мәде­ниет, мемлекеттік құрылыс сала­ла­рының барлығында да жүр­гізіліп жатқан реформалардың ма­ңызы ерекше болғандығын бө­ліп айтуымыз керек. Кез келген мемлекет үшін оның дүниежүзілік қоғамдас­тық­та таны­лып, мойындалып, сол қо­ғам­дас­тық­пен үндес болуы – ең алдымен мем­лекеттің қауіпсізді­гі­не кепілдік, сон­дай-ақ елдің жағ­дайының жақса­рып, даму, өсуінің мүм­кіндігі. Тәуелсіз мем­лекеттік та­ри­хымыздың осы 19 жылында біз соның бәрінен өттік. Дүние­жү­зілік қоғамдастықтың белсенді мүшесі болу – әр мемлекеттің мүд­десі. Әлемде танылып, мо­йын­да­луы­ның көзге көрініп тұр­ған өлшемі немесе «кіретін», «шы­ғатын» «қақпа­сы» жоқ. Ол – адам­зат ұмтылысының ең ізгілікті құндылықтары – адам құқы, тең­дігі, еңбекке, өсуге мүм­кіндігі, өр­кенді тұрмысы, білімі, ел игі­лі­гіндегі қызметі, жетістігі. Мем­ле­кеттік саясат – кейде мемлекеттің өз ішінде мойындалып, бүкіл­ха­лықтық қолдауға ие болуының өзі оңай емес, үлкен сынақ. Реформа­лар­дың бәрі бірдей сәтті болды деп айту да асығыстық. Қиындық та аз болған жоқ. Мемлекет та­ри­хы үшін 19-20 жыл деген қас қағым сәт. Адам өмі­рімен өл­ше­сек, бұл – есейіп, ер жетуге бет ал­ған албырт та қуатты шақ. Әрі ал­ды-артымызды да айыра ала­тын, мылқау жар мен түпсіз құз­дың да қауіпті екенін білетін, шы­на­йы достық пен ділмәрсіген өтірік мәй­мөң­­кенің де ара­қа­шық­ты­ғын түсіне­тін сергек, сезімтал кезіміз. Екі мыңыншы жылдардың ба­сын­да Қазақстанның тұңғыш рет ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуге ниет біл­діруі әсі­ресе еуропалық қоғам үшін мүлдем тосын хабар бол­ға­ны да рас. Ал­ғаш­қы кезде кейбір сая­саткерлер, дипломаттар бұл ән­шейін саясат үшін айтылған болар деген бейжай көз­қарас білдіргендері де рас. Бірақ, Қазақстан үшін ЕҚЫҰ-ға төрағалық жайдан-жай айтыла сал­ған «әңгіме» емес-ті. Бұл – әуел бастан мемлекетіміздің Кон­с­ти­ту­циясында қабылданған «дү­ние­жүзілік қоғам­дас­тықта лайық­ты орын алуды» көз­деген түпкі мақ­сатпен тікелей бай­ла­нысты Ұлт­тық мүдденің көрнекті көр­­сет­кіші еді. Ендігі жерде өрке­ниет­ті ел болу бағытында қыруар мін­­деттерді жүзеге асыру қажет бол­­ды. Ол міндеттер елімізде Пре­зидент Нұрсұлтан Назар­баев­тың бастама­шыл­ды­ғымен жүргі­зі­ліп жатқан өмі­рі­міздің барлық са­ласын қамтыған реформа­лар­дың негізгі мазмұнын си­пат­тай­ды. Қа­зақ­стан 2030 жылға дейін қабыл­да­ған даму стратегиясын жү­зеге асы­ру жолында өндіріс са­ла­­ла­рын өркендету, жаңа жұмыс орын­­­дарын ашу, орта және шағын биз­несті ел экономикасын көте­ру­ге жұмыл­ды­ру арқылы халықтың әл-ауқатын, тұр­мыс дәрежесін кө­теріп, денсаулық сақ­тау, білімін кө­теру мүмкіндіктерін кеңейту бағ­дарламалары жүзеге асы­ры­лып келеді. Кейіннен осы шара­лар­­дың негізгі дені арнайы жа­сақ­талған «Еуропаға жол» мем­лекет­тік бағдар­ла­маға ұласты. Бұл бағдарламаның басты мақ­са­ты – Еуропадағы ең қуат­ты елдер қатарына қосылып, өнім өндіруде Қазақстан халқының тұрмыс са­па­сын жақсарту, адамдардың білім деңгейін жоғарылатып, өнім­нің отан­дық бәсе­ке­лестігін арт­ты­ру, тұрмыс­тың сан   алуан сала­сын­да ең жоғары өлшем­дерге, көр­сеткіштерге қол жеткізу. Еуро­па­лықтар бұл бағдарламаға ай­рық­ша қызығушылық танытты. Еуропадағы қауіпсіздік пен ын­ты­мақтастық ұйымына төрағалық етудің Қазақстан үшін маңыз­ды­лы­ғы – ал­ды­мен елімізді бұрын бізге бейтаныс бо­лып келген қауым­дас­тық орта­сын­да та­нымал ету болса, екіншіден, сол озық ортаның озық тәжірибесімен алмасу, елі­­міздің өсу­іне тиімді жетістіктерін үй­рену, қа­был­дау мүмкіндігін пайдалану. Қазақстанның Төрағалыққа ке­­луі де бұрынғы шешімдерден ай­шықты әрі өткір пікірталас ту­ғыз­ды. Өйткені, бұл ұзақ жылдар Еу­ропада қалып­та­сып қалған көз­қа­рас пен пікірдің өз­гер­тілуін талап етті. Тіпті сол пікір­таластың өзі де жас мемлекеттің ежелгі өңір­ге батыл араласуына ықпа­лын ти­гізбей қойған жоқ. ЕҚЫҰ-ның отыз жылға жуық ғұмырында төр­­аға­лыққа Қазақстан ұсы­ныл­ған жылдар­да­ғыдай пікірталас бол­ған емес. Тіпті бұрын Төр­аға­лық ешқандай маңызы жоқ, өзді­гі­нен жылжып жүріп жата­тын. Осы жағдайдың өзі де тек Төр­аға­лық­тың емес, тұтас халықаралық Ұйымның да маңыздылығын кө­терді. Бұл жолда Президент Н.На­зар­­баевтың Еуроодақ елдері бас­шы­­лары­мен ресми, бейресми та­ныс­тық, дос­тас­тық қарым-қаты­нас­та­ры­ның шешуші рөл ат­қар­ған­дығын айту орын­ды. Жоғары дең­гей­дегі қол жеткізілген келі­сім­дерге сәйкес өткізілген сая­си, сау­да-экономикалық, білім, мә­де­­ниет, кәсіпкерлік, іскерлік қаты­нас­­тар, сөз жоқ, ел мен елді жа­қын­­дас­тыруға көп әсерін тигізіп келеді. Мемлекетіміздің Сыртқы істер ми­­нистрлігі, Еуропадағы елшіліктер Жаңа Қазақстанның игілікті өз­геріс­те­рін таныстырып, бөтен ел­дердің ықы­­ласын аударуға көп ең­бек жасады. Еуропа мемлекеттерінің ба­сым көп­шілігі парламенттік бас­қа­ру жүйе­­­сінде жұмыс істейтін  бол­ған­дықтан да, жалпы парламент де­мократия инс­титуты деп таны­ла­тындықтан 1991 жылы ЕҚЫҰ-ның Парламенттік Ассам­блеясы (ПА) құрылып, ол тұрақты жұмыс жа­сап келеді. Сенат Төрағасы, ЕҚЫҰ ПА Төрағасының орын­ба­са­ры Қасым-Жомарт Тоқаев бас­та­ған Қа­зақ­стан Парламентінің же­ті депу­таты осы Ассамблеяның мү­­шелері. Парла­менттік Ассам­блея­­ның жылына үш сессиясы өткізіледі. ЕҚЫҰ-ның ПА-сы қа­зір беделді, тұрақты құры­лым бол­ды. Оның сессияларында әр­қа­шан өте маңызды проблемалар бой­ынша пікірталастар өткізіліп, арнайы резолюциялар қабыл­да­на­ды. Парла­мент­тік Ассамблея де­пу­таттары өз ел­дерінде қандайда ха­лықаралық жағ­дайларға бай­ла­ныс­ты пікір қа­лып­тастырып, қа­жет­ті шешім қабыл­дау­ға ықпал етіп отырады. Олар сондай-ақ ПА сес­сияларының күн тәртібіне ма­ңызды мәселелерді енгізіп, өз пі­кір­лерін ортаға салады. Сол ЕҚЫҰ Пар­ламенттік Ассамблея­сын­­дағы біздің депутаттардың бас­тама­шыл­дығымен көптеген әріп­тес­тері­мізбен түсіністік жағ­да­йын қалып­тас­тырудың да жөні келді. Тек соңғы бір жылда делегация басшысы Қ.Тоқаев елі­міз­дің «Еуро­па­ға жол» бағдар­ламасы туралы, Ауғанстан мен Гру­зия­дағы жағдай туралы арнайы баян­да­малар жасап, пікірталас қоры­тын­дысы бойынша қарар қабыл­дан­ды. Біздің елімізге қызы­ғу­шы­лық білдіріп, бүгінгі Қа­зақ­стан жағдайын та­нып, білген, шынайы ақпаратқа ден қойған шетелдік әріп­тестеріміздің көп­шілігі әртүр­лі пар­ламенттік форумдарда, конференцияларда Қазақ­стан­да өткізіліп жат­қан реформалар жетістіктерін жағымды жағынан жақ­тап сөйледі, нақты қолдау көр­сетті. Оған 2003, 2010 жылдары Алматыда өткізіл­ген Трансазиялық парламенттік форум жұмыстары да, 2008 жылы Ас­та­нада өткен Парла­менттік Ас­сам­блеяның жазғы 17-ші сессиясы да өзі­нің оң себін тигізді. 90-шы жылдардың екінші жар­­ты­сында ЕҚЫҰ жұмысында «сы­ңар­жақ­тық», әрекетсіздік, дағ­да­рыс ке­зеңін бастан кешірді. ЕҚЫҰ кеңіс­тігінде болып жатқан әр­түрлі қай­шы­лықтар мен қақ­ты­ғыс­тарда ЕҚЫҰ-ның әсері де, ық­па­лы да байқалмай қалды. Әсі­ре­се бұрынғы Югославия, жалпы Бал­кан өңіріндегі қантө­гіс­терде, өкі­нішке қарай, бұл халық­ара­лық ұйым өзінің шарасыздығын, осал­ды­ғын, боркеміктігін көрсетті. Ақы­ры, 1999 жылы НАТО әскери күштерінің Югославияны бом­ба­ла­уы­мен аяқталды. Сол жылдарда ЕҚЫҰ – өзінің басты бір бағыты – қауіп­сіздік мәселесімен нақты шұ­ғыл­данудан әжептәуір ал­шақ­тап, негізінен үшінші – гума­ни­тар­лық бағытпен түбегейлі айна­лы­сып кеткендігінен сол тұста Еу­ропаның кіндігінде шиеленісіп жат­қан қайшылықтар мен қан­тө­гіс­терге, күш қолдану әрекет­те­рі­не араласа алмай шарасыздық көр­сетті. Әділін айтсақ, тек сайлау өткен өңірлерде ғана ЕҚЫҰ өкіл­дері көрініп жүрді. Оның өзін­де ТМД елдерінде және Шы­ғыс Еуропа елдерінде бірінен соң бірі өтіп жатқан Пар­ламент пен Президент сайлауларын бақы­лау­мен шұғылданды. Осындай бір­жақтылық халықаралық ұйым ішін­­де наразылық тудырмай қал­ған жоқ. Ұйымды реформалау қа­жет­тігі туралы жіті мәселе көте­ріл­ді. Тіпті осындай әрекетсіз Ұйым кімге қажет деген де пікір ту­ды. ТМД мемлекет басшылары өз кеңестерінде арнайы хат та қа­былдап, реформа жүргізу талап етіл­ді. Соның нәтижесінде 2005 жыл­дың басында сол кездегі Іс ба­­сындағы төраға Словенияның сырт­қы істер министрі Димитрий Ру­пельдің шешімімен 7 адамнан ар­найы «сая­сат­керлер тобы» құ­ры­лып, олар ЕҚЫҰ жұмысына, оның құрылымдарының қызметіне жан-жақ­ты сараптама, талдау жасап, ха­лықаралық ұйымды реформа-лау жөнінде ұсыныстар әзір­ле­ді. Ол топтың құрамында Норвегия, Ни­дерланды, Германия, АҚШ, Хор­­ва­тия, Ресей, Қазақстан өкіл­де­рі болды. Қазақстан тарапынан се­нім осы жол­дардың авторы – ма­ған көрсетілді. Біз бес айда сегіз кеңес өткіздік. Әр кеңес үс­тін­де барлығымыз да белгілі бір про­бле­ма бойынша баяндамалар жа­са­дық. Осы мүмкіндікті пайда­ла­нып, Қазақстанды тереңірек та­ныс­­тыру мақсатында оның өткен та­рихы мен бүгінгі Жаңа Қа­зақ­стан­да өткі­зіліп жатқан саяси, эко­номикалық реформалар ту­ра­лы тақырыптық хабарламалар жасап, «дөңгелек үстелдер», конференциялар өткіздік. Елдегі оң өз­ге­рістер, қоғамдағы, діни конфес­сия­лар, этностық топтар ара­сын­да­­ғы келісімді қамтамасыз ету тә­сіл­­дері, сондай-ақ Орталық Азия өңірін­дегі қауіпсіздік мәселелері, лаң­кес­тік­ке, есірткіге қарсы шаралар туралы баяндамалар жаса­дым. Сол жолда осы «мәртебелі топ» ұйымды реформалау қажет­ті­гін дәлелдеумен қатар алдағы уа­қытта ұйым беделін көтере­тін ұсы­ныстарымызды да жинақтап, тұ­жырымдап, ортаға салдық. Ол ұсы­ныстар Вена қаласында Тұ­рақ­ты кеңесте баяндалып, қабыл­дан­ды. Ұсы­ныстар өзегінде «қос стандарттар» саясатынан толық ажы­рау қа­жет­тігіне мән берілді. Бар­лық елдер­дің құқығы­ның тең­ді­гін қамтамасыз етуге екпін бе­ріл­ді. Ұйымның Жар­ғысын қабыл­дау мерзімі келгендігі де ескерілді. Ұйым­ның құрылымдары мен инс­ти­­тут­тарының жұмысын жан­дан­дыру, олардың жұмысына мүше елдер өкіл­дерін кеңінен қатынас­ты­ру көзделді. «Саясаткерлер то­бы» ал­дағы жыл­дарда ЕҚЫҰ-ға төр­аға­лықты Қазақ­станға жүктеу ұсы­нысын қолдады. 2005-2007 жылдары Еуропа ел­де­рі­нің мемлекеттерінде, Қа­зақ­стан та­ра­пының бастамашыл­ды­ғымен мемлекеттік институт­тар­да саяси пар­тия­лардың, ғы­лы­ми орталықтар­дың, үкі­меттік емес ұйымдардың қатынасуы­мен көп­теген конференциялар, «дөң­ге­лек үстелдер», тағы басқа кез­де­сулер өткізілді. Осы жылдарда біздің елімізге дү­ниенің төрт бұрышынан мемлекет бас­шыларынан бастап, парламент, үкі­­мет басшылары, өкілдері, сая­сат­кер­лер, ғалымдар, сарап­шы­лар, БАҚ өкіл­дері көптеп келді, елі­мізді көзім­ен көрді. 2007 жылдың қарашасында Ис­па­ния­ның астанасы Мадрид қала­сын­да өткен ЕҚЫҰ Сыртқы істер ми­нистр­лерінің кезекті кеңесінде ше­шім қа­был­данарда олар бір ауыз­дан Қазақ­стан­дағы экономика­лық, саяси реформалар нәтижеле­рін, халық тұрмы­сы сапасы­ның жақ­саруын, жас мем­лекетіміздің әлем­дегі танымалды­лы­ғын, Ел Пре­зиденті Нұрсұлтан Назар­баев­тың жоғары халықаралық баста­ма­шыл­дығы мен беделін тілге тиек еткен. Бұрын өркениетті елдер таны­ма­­ған біздің елді Еуропа, әлем та­нып, мойындады. Президент Нұр­сұл­тан Назарбаевтың келбетіне, әр­қашан орын­ды сөзіне, мемле­кет­тік қайрат­кер­лігіне, ұтқыр бейбіт саясаткерлігіне, адамгершілік тұл­ғасына қарап, қазақ деген ұлт­қа сенім артты. Елбасы Қазақстанның Төраға­лық­­қа кіріскен жыл басында Вена­да Тұ­рақты Кеңесте жария еткен бей­не­­үн­деуінде біздің елдің ұста­ным­да­рының қа­тарында Сенімге ай­рықша пәрмен берілді. Еуразия ке­ңістігінде қауіп­сіздік пен дамуды қам­тамасыз ету үшін Сенімнің қа­жет­тігіне ешкім де шүбә келтірмейді. Сол Сенім арқылы да Қазақтың жел­біреген көк Туымен бірге ұлт­тық Рухы көтерілді. Бұл, біріншіден, Тәуелсіздіктің жемісі. Екін­ші­ден, өзі­міз­дің басқалармен терезесі тең ел бо­лып өсе алатын­ды­ғы­мыз­дың дәлелі. Біздің еліміз өзінің ғасырлар бой­ғы дамуында талай қауіп-қа­тер­ді, қырғынды, қыспақ пен әді­лет­сіздікті басынан молынан өт­кіз­ді. Қорлау мен басқыншы­лық­қа қарсы тұрып, қан жұтты. 19 жыл бұрын атқан Азат­тық­тың ақ та­ңы­ның арқасында осы қысқа мер­­зімнің өзінде бұрын-соңды жүз­­­деген жылдар аңсап, арып-ашып, айқасып, күресіп жүріп кө­ре алмаған Бақыт басымызға қо­нып, Жақсылық нұрын шашып тұр. Жаңа заманның жаңа талап­та­ры­на лайық өмір сүре алу – пары­зы­мыз. Елбасының қайраткерлігі елді осыған бастайды. Елбасы­ның жобасы – ха­лық­аралық қаты­нас­та ақылмен, бі­лім­­мен, білгір­лік­пен, ұлттық мүдде­лік­пен өзара Се­нім, Төзімділік, Ашықтық, Дәс­түрлілік қалыптастыру. Жыл бой­ғы Төрағалық тұсында осы көр­сеткіштер тұрақтанды. Елдер ара­­сындағы, Батыс пен Шығыс ара­сын­дағы диалог жиіленіп, жа­ңа серпін берілді. Еуропа мен Азия өзара жа­қындаса түсті. Бір­лес­кен халық­ара­лық ұйым ая­сын­да ешкім ешкімге күш көрсетіп, қо­қан-лоқы жасамастан, ешқандай қа­руды пайдалануға жол берместен, керісінше қару, әсіресе жаппай қырып-жою қаруларын шектеу арқылы өркениет өріне бірге даму қажеттілігін Нұрсұлтан Назар­ба­ев бүкіл болмысымен, дамыл­сыз қыз­метімен дәлелдеп келеді. Сон­дықтан да қазақтың Рухы өрледі. 56 мемлекетке сәтті Төр­аға­лық етіп, оларды бір мүд­деге жұ­мылдыра білу де сол Рух төре­лі­гінің мықтылығынан. Ол Еуро­па мен Азия аралығында жатқан Қа­зақтың алып жерін екі құр­лық­тың көпірі дәрежесіне көтер­ді. Ежел­гі алпауыт елдер небәрі 16 мил­лион халқы бар Қазақ мемле­ке­тімен санасатын болды. Олар­дың еш­қайсысы бізден қор­қып отыр­ған жоқ. Біздің Елбасы­ның ұтым­ды қайрат­керлік пен озық­тық қасиетін танып, мойын­да­ған­дық­тан оның Тұлға­сына назар ау­да­рып, сөзіне құлақ асып отыр. Бұл, сөз жоқ, Рух жеңісі. Еуропа өз шешімінде қате­лес­кен жоқ. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төр­аға­­лығы бірден серпіліспен бас­талды. Ұйым мүшелеріне бұ­рын болмаған тың жоба ұсы­ныл­ды. 2010 жыл ЕҚЫҰ-ға жаңа дем берді. Жыл бой­ына Іс басындағы төраға, Қазақстан Сыртқы істер ми­нистрі Қанат Сауда­баев ЕҚЫҰ-ның кеңістігіндегі елдерге са­па­рын толассыз жүргізіп, қор­да­­ланып қалған қайшылықты про­бле­ма­ларды шешу жолдарын тал­қы­лаумен келеді. Төрағалық ая­сында бір жыл ішінде бұдан бұ­рын өткізілмеген халықаралық ұйым­ның беделін көте­ретін нақ­ты шаралар өткізілді. Солар­дың ең бастысы, сөз жоқ, 11 жылдан бе­рі кездесудің реті болмаған мем­лекет басшыларының Сам­миті. ЕҚЫҰ Саммитінің қажеттілігі мен маңыздылығында дау жоқ. Бі­рақ осыншама ұзақ мерзім ел бас­шы­лары бір мәмілеге келе ал­ма­ған­дығын немен түсіндіруге болады? Осы 11 жылда Еуропада, Азия­­да, тіпті бүкіл әлемде қан­ша­ма ешкім болжай қоймаған алапат өз­герістер болып жатыр? Елдер, ха­лықтар, мемлекеттер өміріне тө­ніп жатқан қауіп-қатер аз ба? Тек лаңкестік шабуыл­дардан қан­шама бейкүнә адамдар, солардың ішінде аналар, балалар қы­ры­лып жа­тыр. Есірткі зардабынан ше? Та­биғи апаттар ше? Қысқасы – мем­лекет басшылары ақыл­да­са­тын, пікір алысатын проблемалар аз ба? Міне, Астана Саммитінің ма­ңызды­лы­ғы. Оларды ортақ мүд­деге назарын ауда­рып, мә­мі­ле­ге келтірген – Қазақ­стан. Қа­зақ­стан Президенті Нұрсұл­тан На­зар­баев. ЕҚЫҰ бұл кезекті Саммитінің Қазақстан үшін тағы бір маңыз­ды­лығы – кездесудің Төраға қыз­ме­тін атқарып отырған елде, яғни біз­дің Астанада өткізілуі. Бұрын мұн­дай Саммиттер Төрағалықтан бос елдерде өткізілген. Бұл жолғы Сам­мит бас­та­машысы да, оны өт­кі­зетін орталық та – Қазақстан. 55 мемлекет басшы­ла­ры мен ха­лық­ара­лық ұйымдар жетекшілері біз­дің Президенттің тұлға­сына тағы да теңдесі жоқ, тарихи сенім көр­се­тіп отыр. Бұл сонымен бірге мем­лекетімізге, бүкіл халыққа көр­­сетілген зор мәртебе, айрықша се­нім. Елдің рухын көтеретін сенім. ЕҚЫҰ сияқты беделді халықаралық ұйым­ның біржыл­дық жұмысына төраға­лық ету – қа­зақ елінің рух төрелігіне, яғни ин­тел­лектуалдық төрелікке қабі­ле­тін көрсетеді. Президенттің бұл бас­тамасын ұйымға кіретін бар­лық елдер қоғамдастықтары, ЕҚЫҰ құ­ры­лымдары құлшына қол­дады. Үсті­міздегі жылдың жаз­ғы сессиясында Норвегияның астанасы Осло қала­сында ЕҚЫҰ Парламенттік Ассам­блеясы өзінің декларациясына Қазақ­стан парламенттік делегациясының ұсыны­сымен Саммиттің шақырылуы­на арнайы қолдау көрсет­кен бапты қа­был­дады. Палермо (Италия) қа­ла­сын­да өткен күзгі сес­сиясында Ита­лия Парламентінің төр­ағасы Ж.Ф.Фи­ни, сондай-ақ Парла­мент­тік Ассам­блея мүшелері Р.Миль­ори (Италия), Ж.Соареш (Порту­га­лия), тағы басқа Еуропа ке­ңіс­ті­гін­де аттары белгілі депутаттар өз сөз­­де­рін­де Қазақстан Төр­ағалы­ғы­на жо­ға­ры баға бере келіп, «Өткен он жылда ешкім ұйым­дас­тыра алмаған, ортақ мүддеге жұ­мыла алмаған ЕҚЫҰ мемлекет бас­­шы­ларының Саммитін ша­қы­ру Қа­зақ­станның қолынан келді. Қазақ­стан­ға біз айрықша сенім арта­мыз», деді. Мұндай пікірді көптеген Еуро­па, ТМД елдерінің депутаттары, дипломаттар, ха­лық­­аралық сарап­шы­лар үзбей ай­тып келеді. Саммитке мүдделі мемлекет басшылары мен халық­аралық ұйымдар жетекшілері Астанада бас қосып, заманның, уақыттың жаңа шақыруларына сарап­тама жасап, даму шарала­рын белгілеулері – тек қа­зақ­стан­дықтар ғана емес, бүкіл Еуразия кеңістігі кү­тіп отырған ерен оқи­ға. Астана қауырт, үзіліссіз жұ­мыс үс­тінде. Саммит аясында күні кеше ға­на аяқталған Шолу кон­ференциясы, үкі­­меттік емес ұйым­дар форумы, ЕҚЫҰ Пар­ла­мент­тік Ассамблея­сы­ның Бюро мә­жілістерінің сәтті өтуі де ма­ңызды шаралар. Олар­дың бар­лы­ғы да басты Саммиттің маз­мұнды әрі сәтті өтеріне мүдделі. Дәл солай боларына сенеміз біз. Қуаныш СҰЛТАНОВ, ҚР Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының мүшесі.
Соңғы жаңалықтар

Зейнетақыны алу тәртібі өзгеруі мүмкін

Экономика • 31 Желтоқсан, 2025