Біздің еліміз Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалықты үлкен абыроймен атқарып шықты деп айта аламыз. Кешегі өткен, әлемнің 56 мемлекеті басшыларымен басқа да лауазым иелері қатысқан Саммит, ондағы талқыланған қазіргі кезеңде адамзат алдында тұрған ғаламдық мәселелер туралы консенсусты шешім шығарылып, оның қорытындысы бойынша Астана Декларациясы қабылданды. Бұл, сөз жоқ, Қазақстан Республикасының, бүкіл Қазақстан халқының, Президентіміз – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік саяси аренадағы зор табысы.
Біз, Қызылорда облысы этномәдени бірлестіктерінің өкілдері Саммит жұмысын үлкен ықыласпен бақылап, қалт жібермей тыңдадық, қорытынды құжаттың қабылдануын күттік. Құдайға шүкір, барлық делегация басшылары бір адамдай алдын-ала межеленген мәселелер бойынша келісімдерін беріп, Астана Декларациясы дүниеге келді. Оның қабылданғаны туралы түнгі сағат бірде Елбасы Н.Назарбаев БАҚ өкілдері арқылы дүние жүзіне жариялаған сәтте қуанышымыз қойнымызға сыймай, балаша қуандық.
Саммитте межеленген үш өлшем бойынша қабылданған мәселелердің барлығы өте маңызды. Соның ішінде халықтар арасындағы келісімді, ынтымақты білдіретін, бейбіт қарым-қатынасқа шақырған шешімдерді жүрегімізге жақын болғандықтан, бөліп айтқымыз келеді.
Ұзаққа созылып отырған қырғи-қабақ шиеленіс ошақтарына қатысты мемлекет басшыларының бір орталықта, бір жерде кездесуі бұрын-соңды болған жоқ еді. Бұған Елбасының ерен еңбегінің арқасында ұйымдастырылған Астана Саммитінде қол жеткізілді. Саммит барысында осы шиеленістер өзінің оңтайлы шешімін табуға икемделе бастады деп ойлаймыз. Мемлекет басшылары бұл тек Қазақстанның беделі мен жеңістері емес, сонымен бірге, Орталық Азия аймағының беделі дегенді айтты. Бұл – шын сөз. Дамыған Еуропа мемлекеттерімен қатар, Орталық Азия мемлекеттері өз қауіпсіздігі мен ынтымақтастығын тең дәрежеде білдіре алды. Демек, қауіпсіздік пен ынтымақ консенсусы Еуропа шеңберінен шығып, Азия континентіне қанат жая бастады деген сөз. Бұл халықтар ынтымақтастығына апаратын жол, айтарлықтай табыс.
Саммитте көптеген ұлттар мен ұлыстарды бір адамның баласындай біріктіріп отырған қазақстандық ұлт саясатының моделі туралы сөз қозғалды. Осыған байланысты біздер, Қазақстанда өмір сүріп жатқан ұлт өкілдері мұның тек сөз емес, нағыз өмір шындығы екенін мақтанышпен айта аламыз.
Астана Саммиті еліміздің мерейін өсіріп, абыройын асқақтатты. Кеше ғана тәуелсіздік алған еліміз аймақтық мемлекет деңгейінен әлемдік дәрежеге көтерілді. Бұл – тарихи даму белесі.
Ортақ Отанымыз – Қазақстанның одан әрі өркендеуі үшін, жан-жақты дамуы үшін тарихи, саяси жол салынғанына қуаныштымыз. Қазақстан халқының бірлігі арқасында талай асулардан абыроймен өтеміз деп ойлаймыз. Лайым солай болсын.
Қызылорда облысының этномәдени бірлестіктері өкілдері:
Галина Шербакова, «Славяне» этномәдени бірлестігінің жетекшісі; Елена Ким, «Қазақстан корейлері ассоциациясы» облыстық филиалының жетекшісі; Филипп Алхазов, «Понтийцы» грек этномәдени бірлестігінің жетекшісі; Гульчин Гейдарова, түрік этномәдени бірлестігінің жетекшісі; Галия Гизатуллина, татар этномәдени бірлестігінің жетекшісі; Мовлади Исаев, «Вайнах» чешен этномәдени бірлестігінің жетекшісі; Людмила Ли, «Lev ami» еврей этномәдени бірлестігінің жетекшісі; Ашур Хамидов, өзбек этномәдени бірлестігінің жетекшісі; Ирина Шек, «Wiedergeburt» неміс этномәдени бірлестігінің жетекшісі.

Ұлттық ұланның «BURKIT TEAM» командасы AMMA Азия чемпионатында жүлдегер атанды
Әскер • Бүгін, 20:16
Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 19:51
Депутат өңдеу өнеркәсібінің проблемаларымен танысты
Экономика • Бүгін, 19:37
Алматыда омыртқа жұлыны кеселімен туған екі балаға күрделі ота жасалды
Медицина • Бүгін, 19:16
Ақмола облысында 127 инклюзия кабинеті жұмыс істейді
Денсаулық • Бүгін, 18:53
2025 жылы елімізде қанша кәсіпорын іске қосылды?
Үкімет • Бүгін, 18:40
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай отырысы өтетін күнді белгіледі
Президент • Бүгін, 18:28
Астана әуежайында ауа райына байланысты бірқатар рейс кешіктірілді
Ауа райы • Бүгін, 18:19
Meta Қазақстан бойынша салынатын контентпен жұмыс істейтін қызметкер іздеп жатыр
Қоғам • Бүгін, 18:00
Алматы мектептері отандық цифрлық журналға бет бұрды
Аймақтар • Бүгін, 17:55
Мемлекеттен көмек алған банктерге дивиденд төлеуге шектеу қойылуы мүмкін
Қаржы • Бүгін, 17:52
Сержант-спортшы Азия додасында топ жарды
Спорт • Бүгін, 17:39
Елімізде жалған нөмірмен жүрген 900-ден астам жүргізуші ұсталды
Заң • Бүгін, 17:32
«Теңізшевройл» Атырау жылу электр орталығына газ жеткізуді тоқтата ма?
Аймақтар • Бүгін, 17:20