Спорт • Кеше

Сержант-спортшы Азия додасында топ жарды

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарулы күштердің әскери қызметшісі сержант Еламан Қуатов әуесқой аралас жекпе-жектен Азия чемпионы атанды. Ол 120 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сайысты. Құрлық додасы Қытайдың Луджоу қаласында өтті, деп жазады Egemen.kz.

Сержант-спортшы Азия додасында топ жарды

Фото: Қорғаныс министрлігі

Ең мықты спортшылар жиналды

Турнир осы айдың 5-12 күндерін қамтыды. Тартысты әрі әсерлі жекпе-жектер барысында сержант Е.Қуатов жоғары деңгейдегі спорттық шеберлігін көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды.

Үшеуінде ұтты

Чемпиондық атаққа жету жолында отандық әскери қызметші үш кездесу өткізді. Ол алғашқы айналымда Тайпей өкілін жеңсе, екінші жекпе-жекте Қытай спортшысын ұтты. Ал финалда Өзбекстаннан келген қарсыласын айқын басымдықпен жеңді.

Алғашқы алтын

Бұл – еліміздің Қарулы күштері тарихында әуесқой аралас жекпе-жектен Азия чемпионатындағы алғашқы алтын медаль. Әскери спортшының жетістігі отандық армияның спорттық шежіресінде тарих болып жазылды.

234 алтын медаль: Әскер спортының жыл қорытындысы шығарылды

Соңғы жаңалықтар