Елбасы дипломатиялық қызметтің жеңістілігі мен жемістілігіне орай ризашылығын білдірді
Сыртқы істер министрлігінде Тәуелсіздік күні қарсаңында ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалықты табысты өткізуге және Алматы Саммитін жақсы ұйымдастыруға үлес қосқан дипломаттар мен түрлі ведомстволардың өкілдеріне Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасын тапсырды. – Қазақстан енді ғана 19 жыл толып отырған тәуелсіздік уақытында өзінің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың көрнекті басшылығымен бұрынғы Одақтың нашарлау жарықшағынан дамушы демократиялық мемлекетке, құрметтелетін өңірлік держава мен халықаралық қоғамдастықтың беделді мүшесіне айналды. Бұған Қазақстанның ТМД елдерінің ішінде алғаш болып ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі, оның үстіне 11 жылғы үзілістен кейін осы құрметті халықаралық ұйымның біздің жаңа елордамызда саммитін өткізе алғаны айғақ болып табылады, – деп мәлімдеді кездесуде Қ.Саудабаев. Сыртқы саясат ведомствосы басшысының айтуынша, осы жауапты және игілікті миссияның лайықты қорытындысы «Қауіпсіздік қоғамдастық жолында» деп аталатын Астананың мерекелік декларациясы қабылданған саммит өткізуі болды. Бұл Қазақстан басшысының еуроатлантикалық және еуразиялық кеңістікте біртұтас және бөлінбейтін қауіпсіздік қоғамын қалыптастыру жөніндегі бастамасын жүзеге асыруға алғашқы қадам жасалғанын білдіреді. Осылайша Қазақстан ЕҚЫҰ тарихындағы күрделі кезеңнің белгілі бір деңгейде қорытындысын шығарып, жаңа тарихи жағдайда «Хельсинки рухын» «Астана рухымен» байытып қана қоймай, қайта жаңғыртты. Қ.Саудабаевтың мәлімдегеніндей, «Саммитке қатысушылар Астана серпінділігін қамтамасыз етудегі біздің Мемлекетіміз басшысының көрнекті рөлін әділетті түрде атап көрсетті. Н.Назарбаевтың адам қызығарлықтай энергетикасы, тамаша эрудициясы мен сирек кездесетін жеке харизмасы, мызғымайтын саяси ерік-жігері мен дипломатиялық шеберлігі шын мәнінде Астана форумының табыстылығында айқындаушы рөл атқарды. Қазақстан Көшбасшысының саяси салмағы мен жоғары халықаралық беделі консенсусқа жетудің және қорытынды саяси құжат қабылдануының гаранты болды». – Қазақстан әлемдік қоғамдастықта салмақты халықаралық беделге, өңірдегі ғана емес, әлемдік қауіпсіздікті нығайтуға және ынтымақтастықты дамытуға үдемелі үдеріспен үлес қосып келе жатқан елдің көш басында танылған әлемдік көшбасшы ретінде Мемлекет басшысының өзі тұрған тамаша интеллектуалдық және кадрлық әлеуетке ие екенін нақты айғақтап берді. Біздің елордамыз – Астана өзінің қазіргі заманғы аса көкейкесті мәселелер бойынша маңызды үнқатысу орталығы мәртебесін нық бекітіп, ЕҚЫҰ Саммитін қабылдаған Хельсинки, Париж, Лиссабон, Будапешт және Ыстамбұл қалаларымен бір қатарға тұрды. Бүгінде Астана Саммиті тарих қойнауына кетті. Бұл тарих өзінің беттеріне Қазақстан Республикасын, оның елордасы Астана мен біздің Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты мәңгілікке алтын әріппен жазып қойды, – деп мәлімдеді Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі. Астана Саммитін табысты өткізуге лайықты үлес қосқаны үшін Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың Құрмет грамотасымен Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары – ЕҚЫҰ Іс басындағы төрағасының Қырғызстан бойынша Арнаулы өкілі Жәнібек Кәрібжанов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова, СІМ-нің жауапты хатшысы Рәпіл Жошыбаев, Сыртқы істер министрінің орынбасарлары Константин Жигалов, Қайрат Сарыбай, Қайрат Омаров және Қазақстанның ЕҚЫҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Абдрахманов, Қазақстанның Адам құқы жөніндегі уәкілетті өкілі Асқар Шәкіров, Қазақстанның Адам құқы жөніндегі ұлттық орталығының жетекшісі Вячеслав Калюжный, Қазақстан Конституциялық Кеңесінің мүшесі Виктор Малиновский, Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының мүшесі – ЕҚЫҰ Іс басындағы төрағасының Сайлау мәселелері жөніндегі жеке өкілі Марат Сәрсембаев, генерал-лейтенант Болат Сембинов, Қазақстан Президенті жанындағы Адам құқы жөніндегі комиссияның хатшысы Тастемір Әбішев және басқалар марапатталды. «Егемен-ақпарат».Ертіс ауылында жеке тұрғын үй түгі қалмай өртеніп кетті: 2 бала қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 14:22
Сыртқы істер министрлігі Қара теңізде болған оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады
Қоғам • Бүгін, 14:13
Жезқазғанда Мәдениет үйінің жөндеу жұмыстарына 300 млн теңге бөлінді
Аймақтар • Бүгін, 14:00
Десте дәріс: Эстетика есте жүрсін
Өнер • Бүгін, 13:00
Діни басқарма жанынан Ислам қаржысы секторы ашылады
Қоғам • Бүгін, 12:53
Қарағандыда жүргізуші көлігінен ақбөкеннің өлексесі табылды
Аймақтар • Бүгін, 12:46
Мемлекет басшысы FIS президенті Йохан Элиашты «Достық» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 12:20
«Каспий» мен «Жетісудың» бұрынғы ойыншысы Лайонел Адамс қайтыс болды
Футбол • Бүгін, 12:15
Қазақстан дипломымен қай елдерде жұмыс істеуге болады?
Білім • Бүгін, 12:08
Ұлттық ұлан сарбазы 7 тілді жетік меңгерген
Әскер • Бүгін, 11:51
Күніне 150 жалған пациент: Елордалық клиника басшысы қор қаржысын қалай жымқырған?
Оқиға • Бүгін, 11:40
Қарағандыда автобуста қалта ұрлығын жасаған күдікті ұсталды
Оқиға • Бүгін, 11:33
Жапония мен Оңтүстік Корея көшбасшылары барабанда бірге ойнады
Әлем • Бүгін, 11:22
Ұландықтар суық қару ұстаған тұрғынды қолға түсірді
Аймақтар • Бүгін, 11:13
Алматының коммуналдық қызметі күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті
Аймақтар • Бүгін, 11:05
