ҚАРАҒАНДЫ. 26 қаңтар. Теміртау қаласында полиция қызметкерлері балаларын автокөліктің жүксалғышына салып тасыған жүргізушіні тапты. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Еске салсақ, осыдан біраз күн бұрын екі ер баланы Mercedes маркалы автомобильдің жүксалғышынан түсіріп жатқан белгісіз жүргізуші туралы бейнекөрініс әлеуметтік желілерде түрлі пікір тудырып, қызу талқыланған болатын.
Таяуда полиция қызметкерлері Орталық жедел басқару камераларының көмегімен аталған автокөлік иесін тапты. Ол Теміртау қаласының 42 жастағы тұрғыны болып шықты.
Тәртіп сақшылары бейнеролик «қаһарманына» қатысты бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуды көздейтін әкімшілік хаттама толтырды.
Қайрат Әбілдинов.
Дерек, сурет: Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
• 26 Қаңтар, 2016
Теміртауда балаларын жүксалғышта тасыған жүргізуші табылды

Қаржы • Бүгін, 09:00
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Елордада Жеңіс күніне арналған пойыздар жолға шықты
Қоғам • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевке құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Қазақстан және Өзбекстан шекарасында көлік кептелісі пайда болды
Қазақстан • Кеше
Қорғаныс министрі соғыс құрбандарын еске алды
Қоғам • Кеше