26 Қаңтар, 2016

Жапонияда хакерлер қолынан жүздеген сайттарға зиян келген

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
26-01-2016 AnonymousАСТАНА. 26 қаңтар. Жапонияда хакерлер шабуылынан денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайты істен шықты. NHK телеарнасының мәлімдеуінше, бұл істі белгілі Anonymous ұйымының істегені анықталды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Сайт қызметкерлері дүйсенбі күннен бері жұмыстарына кірісе алмағанын айтып, шағымданды. Бұл сайтқа осымен екінші мәрте шабуыл жасалып тұр. Өткен жылдың қараша айында осындай жағдайға тап болып, қалпына келтірілген болатын. Дүйсенбі күнігі шабуылдан кейін Жапония басшылығы бұл іске қарсы тұрудың жаңа жолдарын қарастырды. Айта кетейік, өткен жылы киберқылмыскерлер Жапонияда ірі сайттарға жүздеген мәрте шабуылдаған. Салдарынан 140 ұйымнан 2,07 миллион адамның жеке дерегі ұрланды. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, Anonymous хакерлері 100-ге жуық істі, соның ішінде премьер-министр Синдзо Абэнің ресми сайтына жасалған әрекетті өз мойындарына алды. Аталған хакерлер ұйымы сондай-ақ, Тайландта жергілікті соттың 300-ге жуық веб-сайтына және биліктің көптеген интернет-ресурстарына зиянын тигізген. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Сурет: ru.tsn.ua.