26 Қаңтар, 2016

Жамбыл облысында 16 меморандумға қол қойылды

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
26.01.2016 TAR-3 ТАРАЗ. 26 қаңтар. Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаевтың төрағалығымен жұмысшылардың еңбек құқығы мен кепілдігін қамтамасыз ету мәселесіне қатысты жиын өтті.  Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Жиынға Ауыл шаруашылығы министрлігінің комитет төрағасы, ірі кәсіпорындардың басшылары мен кәсіподақ комитетінің төрайымы қатысты. Басқосуда жұмысшылардың әлеуметтік және еңбек құқықтарын қамтамасыз ету, жұмыс орындарын қысқартпау жолдары талқыланды. Жиын соңында облыс әкімдігі, кәсіпорын басшылары, кәсіподақ комитеті және ұлттық компаниялар өзара ынтымақтастық туралы екі бағыттағы бірнеше меморандумдарға қол қойды. Бірінші, жұмысшылардың еңбек құқықтары мен кепілдігін қамтамасыз ету бағытындағы ынтымақтастық және екінші өндіріс барысында жергілікті және қазақстандық үлесті қамтамасыз ету. Барлығы 16 меморандум болса, соның ішінде алтауы ірі кәсіпорындағы жұмысшылардың еңбек құқықтарын қамтамасыз етуге байланысты. Аталған кәсіпорындарда барлығы 20 000 мыңнан астам жұмысшы еңбек етеді. Ал, қалған 10 меморандум өндіріс барысында жергілікті және қазақстандық үлесті қамтамасыз етуге арналған. Аталған меморандумдардың жалпы құны шамамен 28,1 млрд теңге. Сондай-ақ, өңірде жұмысшылар мен кәсіподақ арасындағы байланысты нығайту, жұмысшылардың еңбек құқықтарын қамтамасыз етуге байланысты кәсіпорынмен меморандумға қол қою өз жалғасын табатын болады. Бүгінгі таңда Жамбыл облысында 3952 кәсіпорын болса, оның 1721-сімен немесе 43,5 пайызымен ұжымдық келісім шарт жасалған. Оралхан Дәуіт. Дерек, сурет: egemen.kz