26 Қаңтар, 2016

Анасының көлігін ұрлап қашқан қыз қолға түсті

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

26-01-16-ugon-1

КӨКШЕТАУ. 26 қаңтар. Ақмола облысының орталығында анасының көлігін ұрлап, мініп кеткен қыздың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. «Көкшетау қалалық ішкі істер басқармасына 42 жастағы қала тұрғынынан үйдің белгісіз біреулердің үйдің ауласынан Mazda маркалы көлігін ұрлап, алып кеткені жөнінде шағым түсті», - делінген хабарламада. Осыдан кейін ізге түскен полицейлер видеобақылау камераларынан автомобильдің қай жерде жүргенін тез анықтап алады. Алайда, жол сақшыларының белгі көрсетіп, талап еткендеріне қарамастан, оны жүргізуші тоқтамай, қашып кетеді. Кейінірек құқық қорғаушылар іздеуде жүрген машинаның аурухана жанында тұрғанын байқайды. Олар осы жерде көлікті қолға түсіргенде, оның тізгінін зардап шегушінің 26 жастағы ұстап отырғанына көз жеткізеді. «Сол күні кешке ол көлікті жүргізуге рұқсат беретін құжатсыз өз достарымен бірге түнгі қалада серуен құрмақшы болады. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 200-бабы, 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тексеру жұмыстары қолға алынды», - делінген хабарлама түйінінде. Бақберген Амалбек. Дерек: Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. Фото: Қазақстан жаңалықтары.