АСТАНА. 26 қаңтар. АҚШ-тың шығысы мен орталық штаттарында толассыз жауған қардан қаза тапқандар саны 44 адамға жетті. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Moody’s агенттігінің аналитикалық сарапшылары шығынның мөлшері 2,5-3 миллиард ға дейін жетуі мүмкін деген болжам жасады. Толассыз жауған қардан көбіне кәсіпкерлер зардап шегуде. Ауа райына байланысты жергілікті дүкен, дәмхана, мейрамхана түгелдей жабық болды.
Жергілікті тілшілер бірер күн бұрын табиғаттың тосын сыйынан 31 адамның мерт болғанын мәлімдеген. Жол апаттарынан алған жарақаттары, газға уланғанның салдарынан және қар тазалау жұмыстары кезінде артық қимылдап жүрек талмысынан соң осындай жағдайға алып келген. Көрсеткіш бойынша Вирджиния штатында 9 адам қаза тапса, Пенсильвания штатында 8 адам мерт болды.
Айта кетейік, өткен демалыс күндері елдің 11 штатында төтенше жағдай жарияланып, мемлекеттік қызмет орындарының көбіне демалыс берілді.
Аян Әбдуәли.
Дерек, сурет: ТАСС.
• 26 Қаңтар, 2016
АҚШ-та толассыз жауған қардан қаза тапқандар саны 44 адамға жетті

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Елордада Жеңіс күніне арналған пойыздар жолға шықты
Қоғам • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевке құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Қазақстан және Өзбекстан шекарасында көлік кептелісі пайда болды
Қазақстан • Кеше
Қорғаныс министрі соғыс құрбандарын еске алды
Қоғам • Кеше