АТЫРАУ. 27 қаңтар. Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аса ірі мөлшерде есірткі затын заңсыз сақтап, тасымалдаушыны 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды. Бұл туралы Атырау облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Бас бостандығынан айырылған адам Тараз қаласының тұрғыны болып шықты. Ол өзінің жеке меншігіндегі Subaru Forester маркалы автокөлігін пайдаланып, жалпы салмағы 15 килоға жуық марихуана түріндегі есірткі затын Атырау қаласына тасымалдаған. Бірақ оңай олжаға молынан кенелмек болған ойы іске аспай, ол Атырау қаласында полиция қызметкерлерінің қолына түсті.
Есірткі тасымалдаушының заңсыз әрекетін егжей-тегжейлі қараған сот оны Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп тануға үкім шығарды. Осы үкімге сәйкес жеке меншігіндегі мүлкі тәркіленіп, 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.
Сурет: ridus.ru.

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Елордада Жеңіс күніне арналған пойыздар жолға шықты
Қоғам • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевке құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Қазақстан және Өзбекстан шекарасында көлік кептелісі пайда болды
Қазақстан • Кеше
Қорғаныс министрі соғыс құрбандарын еске алды
Қоғам • Кеше