АСТАНА. 27 қаңтар. Әлемнің ең әйгілі футболшыларының бірі, Португалияның бағына туған саңлақ Криштиану Роналду Монаконың Монте-Карло қаласынан 140 млн. еуроға қонақ үй сатып алды. Бұл туралы eurosport.ru порталына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Осылайша, футболшы Монте-Карлода қонақ үй бизнесімен айналысуды көздеп отыр. Бүгінде ол әлем бойынша көптеген мейманхана мен казинолардың қожайыны, атақты кәсіпкер Дональд Трамппен және оның Trump Entertainment Resorts компаниясымен тығыз байланыс орнатқан.
Сондай-ақ, даңқты спортшының әлемнің бірқатар елінде жұмыс істейтін жеке қонақ үй желісін ашуды жоспарлап жүргенін атап өткен жөн. Әзірге мұндай кешендер Португалия мен Мадрид және Нью-Йорк қалаларында ашылмақ. Бұл кәсіпті Роналду бүгінде баршаға белгілі өзінің CR7 брендінің аясына біріктіретінін айтты.
Айта кетейік, футболшы осыған дейін қонақ үй кәсібіне 37 млн. еуро қаржысын салған. Одан бөлек, ол өткен жылы Нью-Йорктегі «Трамп мұнарасы» атты көп қабатты кешеннің жоғарғы қабатынан 16,7 млн. еуроға пәтер сатып алған болатын.
Еламан Қоңыр.
Дерек: eurosport.ru.
Сурет: vesti.ru.
• 27 Қаңтар, 2016
Криштиану Роналду 140 млн. еуроға қонақ үй сатып алды

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Елордада Жеңіс күніне арналған пойыздар жолға шықты
Қоғам • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевке құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Қазақстан және Өзбекстан шекарасында көлік кептелісі пайда болды
Қазақстан • Кеше
Қорғаныс министрі соғыс құрбандарын еске алды
Қоғам • Кеше