Алматыда ІІ орталықазиялық «Нанөнімдері-2016» форумы аяқталып, Орталық Азияның 200-ге тарта кәсіпорны қатысқан жиында құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, қоспалар мен қызмет түрлерін көрсету жөнінде 1,5 миллион еуроның келісімшарты жасалды.
Форумға кондитерлік, нан өнімдерін пісіретін құрал-жабдықтар мен оның қоспаларын дайындайтын Revent (Швеция), Miwe (Германия), Diosna (Германия), Восход (Ресей), ШМЗ ( Шебекинский машиностроительный завод, Ресей), Jac (Бельгия), Rondo (Швейцария), Wachtel (Германия), Aichinger (Германия), Ireks (Германия), KenFood (Греция), Gostol (Словения), Маслодел (Қазақстан), ModernBakery (Қазақстан), JAF Partners (Қазақстан) сияқты отандық және әлемдік ірі ойыншылар қатысты.
«Дағдарыс жағдайында Орталық Азияда нан-бөлке және кондитер өнімдерін өндіруді дамыту» атты биылғы форум аясында нан-бөлке және кондитер өнімдерін өндіруді жаңғырту мен компанияның өндірістік қуатын арттыруда шетелдік инвесторларды тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, өнім сапасын арттыру, мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдаудың арқасында кіші және орта бизнесті дамыту, ірі кәсіпорындарды жаңғырту мәселелері талқыланды.
Форумға Қырғызстанның, Өзбекстан мен Тәжікстанның, Ресей мен Белоруссияның, Евроодаққа мүше елдердің нан-бөлке, кондитер, ұн шығарумен айналысатын кәсіпорындары, қоғамдық тамақтану орындарының, бақылау-қадағалау орындарының, жергілікті мемлекеттік органдар өкілдері қатысты.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».

Digital • Бүгін, 08:20
Маман • Бүгін, 08:15
Жаңбыр, бұршақ, найзағай: Бүгін ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 08:12
Trade-in тұтынушыға тиімді тетік пе?
Сараптама • Бүгін, 08:10
Жасанды интеллект пен «жасыл» энергетика
Жасанды интеллект • Бүгін, 08:07
Нейрохирургияның жаңа міндеттері
Медицина • Бүгін, 08:05
Digital • Бүгін, 08:02
Өндіріс • Бүгін, 08:00
Жетісуда жел электр стансасы салынады
Аймақтар • Бүгін, 07:55
Қоғам • Бүгін, 07:50
Саясат • Бүгін, 07:45
Трансшекаралық су мәселесі реттеледі
Үкімет • Бүгін, 07:40
Роналду гол соға алмады: Португалия мен Конго тең түсті
Спорт • Бүгін, 00:10
Абай облысында жоғалған әйел 18 сағаттан кейін табылды
Құтқарушы • Кеше