АСТАНА. 30 қаңтар. Францияның белгілі режиссерлерінің бірі Жак Риветт 87 жасында қайтыс болды. Өмірінің соңғы жылдарында қауіпті альцгеймер аурымен ауырып келген. Бұл туралы lenta.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Әйгілі режиссер 1950 жылдары қызметін киносыншы ретінде бастаған. Бірнеше басылымдардың ашылуына себепкер болды. Франциядағы ең ірі Les Cahiers du cinema журналының бірнеше жыл бас редакторы болған.
1960 жылы ең алғашқы «Париж бізге тиесілі» фильмін түсірді. Әлемге аты кеңінен таралған Жан Люк Годар, Франсуа Трюффо, Клод Шаброль сынды режиссерлермен бірлесіп «жаңа толқын» деп аталған кинематографиядағы жаңа ағымның негізін қалады. Франсуа Трюффоның айтуынша, «жаңа толқын» Жак Риветтің арқасында пайда болған.
Аталған бағыт кино саласында көптеген жаңашылдықтарын алып келді. Фильм барысында сюжеттің күтпеген жерден өзгеріп кетуі, динамикасы, түсірілімнің жаңа қырлары көрерменге жол тартты.
Жак Риветтің бастауымен түсірілген «Монах әйелі» (1966), «Ессіз махаббат» (1968), «Селин мен Жюли нағыз суайт» (1974), сондай-ақ, 13 сағаттан тұратын «Маған жолама» (1971) фильмдері кино тарихындағы ең ұзақ фильм болып есептеледі.
Аян Әбдуәли.
Дерек: lenta.ru.
Сурет: rian.com.ua.

Чехия мен ОАР плей-офф жолдамасы үшін шешуші матч өткізеді
Футбол • Бүгін, 11:06
Балаларға ата-анасының тегі қатар берілуі мүмкін
Әлем • Бүгін, 10:52
ҚазҰУ-да «Quantum AI» − кванттық компьютерлер зертханасы ашылды
Технология • Бүгін, 10:44
Алматы облысында 251 млн теңге субсидия жымқырғандарға сот үкімі шықты
Жемқорлық • Бүгін, 10:43
«Челсиге» ауысқан Дастан Сәтпаевтың орнын кім басады?
Футбол • Бүгін, 10:33
Гана Панама құрамасын соңғы минутта жеңіп кетті
Футбол • Бүгін, 10:28
АҚШ пен Иран меморандумға қол қойды
Әлем • Бүгін, 10:10
Өзбекстан құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы ойынында жеңіліп қалды
Футбол • Бүгін, 10:04
Англия құрамасы Хорватиядан басым түсті
Футбол • Бүгін, 10:00
Алматыда дәрігерлер карусельден құлаған 9 жастағы баланың өмірін аман алып қалды
Оқиға • Бүгін, 09:53
Астанада оқушылар арасында төбелес болды: Қылмыстық іс қозғалды
Елорда • Бүгін, 09:42
Спорт • Бүгін, 09:20
Ресейде балалар мінген автобусқа дрон шабуыл жасады: Зардап шеккендер бар
Әлем • Бүгін, 09:15
Мессидің хет-тригі, Мбаппе мен Холанның дублі
Футбол • Бүгін, 09:08
Қалба жоталары – қылқалам ұшында
Өнер • Бүгін, 09:05