Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің жергілікті филиалында Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия облыстық бөлімшесінің мүшелері БАҚ өкілдерімен брифинг өткізіп, онда сайлауды әділ де ашық өткізу мәселесі негізгі тақырып арқауына айналды.
Ол туралы бөлімшенің жетекшісі Сергей Худяков әңгімелеп берді. Оның сөзіне қарағанда, Парламент Мәжілісі сайлауы мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауын халықаралық талапқа сай ұйымдастырудың мүмкіндіктері қоғамдық ұйымдар тарапынан да жіті қарастырылып отыр. Ең басты міндет саяси науқанды заңға сай өткізу, түрлі бұрмалаушылықтарға жол бермеу болып табылады. Партиялық тізім бойынша өз үміткерлерін ұсынған саяси партиялармен жүздесудің кестесі жасалған. Ол бойынша айтылған ұсыныстар мен өтініштер барынша ескерілетін болады, дей келіп, Сергей Герольдович одан әрі облыс орталығында құрылған қоғамдық комиссия құрамына тәжірибелі адамдардың тартылғанын, мұндай құрылымдар аудандарда да өз жұмысын бастағанын жеткізді.
Комиссия мүшесі Ақләйлек Жаукина өз сөзінде саяси науқан кезінде заң бұзушылықтардың орын алмауын бақылау және оның алдын алу жұмыстарымен айналысудың тиімді жолдары белгіленгенін, депутаттықтан үміткерлердің сайлауалды шараларының заңдылығын, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүргізілетін насихаттағы тепе-теңдікті қадағалаудың маңызына тоқталды. Комиссияға еріктілер біріктіріле отырып, бүгінде олардың саны 700-ден асқан. Олардың саяси біліктілігін жетілдіру мақсатымен нұсқаулық кітапшалар таратылып берілген. Қысқа мерзімді семинарлар, дөңгелек үстелдер жеке жауапкершіліктері мен білімдерін көтеруге бағытталған.
Брифингке қатысқан Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның жергілікті өкілдері сайлау кезінде сайлау учаскелері бойынша байқаушылар рөлін де атқаратындарын мәлімдеді.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
Солтүстік Қазақстан облысы.

Айбын • Бүгін, 18:00
Жамбыл облысында жоғалған малшы аман табылды
Оқиға • Бүгін, 17:45
Айбын • Бүгін, 17:20
Астанада бірнеше автобус аялдамасы уақытша жабылды
Елорда • Бүгін, 16:55
Жаңа саяси күш: «Әділет» партиясының басты ұстанымдары қандай?
Партия • Бүгін, 16:24
Димаштың жанкүйерлері шала туған сәбилерге көмек көрсетті
Оқиға • Бүгін, 15:50
Өшпес даңқ • Бүгін, 15:30
Unitree роботы мен әскери шоу: Астанадағы мереке ерекше форматта өтті
Мереке • Бүгін, 15:05
5 миллион теңге: Қазақстан ардагерлерді қолдау бойынша көш бастады
Қазақстан • Бүгін, 14:44
7 мамырдағы валюта бағамы белгілі болды
Теңге • Бүгін, 14:36
Жаңа Конституциядағы зайырлылық қағидаты
Ата заң • Бүгін, 14:25
Өшпес даңқ • Бүгін, 14:15
Кең көлемді амнистия: ІІМ кімдерге жеңілдік болатынын түсіндірді
Қоғам • Бүгін, 13:45
Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының төрағасы болып сайланды
Тағайындау • Бүгін, 13:19
«Sarbaz+»: Әскердің цифрлық бел-белесі
Айбын • Бүгін, 13:00