АҚТАУ. 17 ақпан. Ақтауда Toyota Camry көлігі Volkswagen Jetta көлігін басып қалды. Бұл туралы lada.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жол-көлік оқиғасы 16 ақпан күні түс ауа Ақтау қаласының 12 және 13-шағын аудандары аралығында болған. Куәгерлердің айтуынша, Volkswagen Jetta көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолы маңына тоқтаған. Осы кезде оның соңынан келе жатқан Toyota Camry көлігі күтпеген маневр жасап, Volkswagen-нің үстіне шығып кетеді. Нақты айтқанда, артқы көліктің жолаушылар жағындағы алдыңғы дөңгелегі алдыңғы көліктің жүргізуші жақ терезесінен салонға кіріп кетеді. Оқиға салдарынан жапа шеккендер болмаған және оқиға орнына үш арнайы жол-патрулдік полициясы көліктері келіп жеткен.
Жол-патрульдік полициясы қызметкерлерінің хабарлауынша, оқиғаның схемасы құрылып, Toyota Camry көлігінің жүргізушісіне хаттама толтырылған.
Гүлайым Шынтемірқызы.
Дерек, сурет: lada.kz.
• 17 Ақпан, 2016
Ақтауда жол апаты салдарынан бір көлік екіншісін басып қалды

Бурятияда қар көшкіні жүрді: Қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматы бар
Қоғам • Бүгін, 10:45
Авиаотын бағасын негізсіз көтерген: Өскемен әуежайы 8,9 млн теңге айыппұл төледі
Оқиға • Бүгін, 10:31
«KEDEN» ақпараттық жүйесі арқылы 5 мыңға жуық заңбұзушылық анықталды
Қоғам • Бүгін, 10:23
Қызылордада жаңа туған сәбиін сатпақ болған 25 жастағы әйел ұсталды
Оқиға • Бүгін, 10:18
Мирас • Бүгін, 10:15
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:33
Синоптиктер болжамы: Үсік пен ыстық қатар келеді
Ауа райы • Бүгін, 09:24