ҚАРАҒАНДЫ. 18 ақпан. Қарағанды облысында полиция қызметкеріне оқ атқан Ұлытау кентінің 28 жастағы тұрғыны қамауға алынды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Күдікті полиция қызметкерін үйінің жанында аңдып тұрып, екі рет оқ атқан. Учаскелік инспектордың көмекшісі, полиция аға лейтенанты оқтан жалтарып үлгеріп, күдікті мылтығын қайта оқтағанша самбо күресінің тәсілін қолданып, оны қарусыздандырған.
Кейін анықталғандай, ол қылмыстық әрекетті мас күйінде жасапты және де оның полиция қызметкеріне деген бұрыннан келе жатқан өкпе-реніші болған.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау қамауға алынды. Айғақ заттар алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Қайрат Әбілдинов.
Дерек, сурет: Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
• 18 Ақпан, 2016
Қарағанды облысында полиция қызметкеріне оқ атқан адам қолға түсті

Аймақтар • Кеше
Дәрігерлер әйелдің аналық безінен 6 кг ісікті алып тастады
Медицина • Кеше