АСТАНА. 20 ақпан. Италияның белгілі жазушысы Умберто Эко 84 жасында қайтыс болды. Бұл туралы ras.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Ол Алессандрияның Пьемонте қалашығында дүниеге келіп, 1954 жылы Турин университетін «Ортағасыр философиясы мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген. Болон университетінің профессоры, көптеген шетелдік академиялардың құрметті докторы Умберто Эко телевидениеде жұмыс істеді, кеңінен танымал «Эспрессо» апталығын құрды, Милан және Флоренция университтерінде сабақ берді.
Философиялық-детективті тарихқа негізделген «Раушан гүлдің аты» (1980) романы оның әлем әдебиетіндегі даңқын асырды. 1983 жылы жазушы «Раушан гүлдің аты» аясындағы естеліктерінде» өзінің романды жазу барысындағы кейбір құпияларын айтып, әдебиеттегі автор, оқырман, шығарма арасындағы байланыс туралы ой толғаныстарын бөлісті. Шон Коннери мен опера әншісінің баласы Федор Шаляпинді қатыстыра отырып, француз режиссері Жан-Жак Анно 1986 жылы романды экранға шығарды.
Қаламгердің бұдан кейінгі жылдары жазылған «Фуко маятнигі» (1988), «Қарсаңдағы арал» (1994), «Баудолино» (2000), «Лоана патшайымының құпия жалыны» (2004), «Прага қабірі» (2010) романдары да жақсы бағаға ие болды. Ал 2015 жылы қаңтарда жазушының «Алғашқы нөмір» атты соңғы романы жарық көрген болатын.
Аян Әбдуәли.
Дерек, сурет: ТАСС.

Табысты растау міндетті болады: 1 шілдеден бастап ипотека беру тәртібі өзгереді
Ипотека • Бүгін, 18:05
Әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты: 19 команда басты жүлдеге таласады
Футбол • Бүгін, 17:48
Алматыда «Бір аспан астында» халықаралық заманауи өнер көрмесі ашылды
Көрме • Бүгін, 17:27
Ақордада Израиль Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Оқиға • Бүгін, 17:25
Қазақстан жұмыртқа импортына шектеу қойды: Нарықта отандық өнім үлесі артты
Экспорт • Бүгін, 17:11
Блогер Ерболат Жанабылов пен жұбайына қатысты сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 16:58
Threads-те желтоқсаншыларды тілдеген әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:47
ҰБТ нәтижесі жеткіліксіз: Болашақ мұғалімдер үшін қосымша емтихан енгізіледі
Білім • Бүгін, 16:36
Алматы метросын салу кезінде ұрланған 127 млн теңге мемлекетке қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 16:33
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз әрі сапалы өтуі тиіс
Қоғам • Бүгін, 16:16
Елімізде мәдени мұраны қорғау үшін арнайы мекемелер құрылады
Қоғам • Бүгін, 16:12
Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 15:59
Министр ҰБТ-ға қатысты жаңаша өзгерістердің қандай болатынын жариялады
Білім • Бүгін, 15:45
Депутат Бақытжан Базарбек Platonus платформасының жекешеленіп кеткенін сынға алды
Парламент • Бүгін, 15:30