Орталық сайлау комиссиясының жұмыс кестесіне сәйкес еліміздегі саяси күштер үгіт-насихат жұмыстарын бастап кетті. Өткен сенбіде «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов бастаған құрамында Айман Мұсақожаева, Нұрлан Әбдіров, Ирина Аронова, Нұрлан Әлтаев, Бекболат Тілеухан және Серік Сәпиев кірген топ «Нұр Отан» еліміздің барлық өңірлерінде үгіт жұмыстарына белсене кірісіп кеткендіктерін жария етті.
Үгіт-насихат жұмыстарын атқару біршама жеңіл екендігін тілге тиек еткен А.Мырзахметов оның себебін «Нұр Отан» партиясының күнделікті әрі тұрақты және кешенді жұмыс істеп келе жатқандығымен түсіндірді. «Саяси науқанға байланысты бұл жұмыстар күшейтіліп отыр. Жоспар бойынша партияның сайлауалды бағдарламасын және партия Төрағасының алға қойған талаптарын орындау үшін мүмкіндік пен ресурс жеткілікті. Бұл жұмыстарды атқару үшін 60 мыңнан астам партия мүшелері мен партия жақтастары қатысатын болады. Енді осы бағдарламаларды түпкілікті сайлаушыларға жеткізу үшін 88 мың шара өткізу қарастырылған», деп атап өтті Асқар Исабекұлы.
Бұдан кейін сөз алған Қазақ ұлттық музыка академиясының ректоры Айман Мұсақожаева Мәжіліс депутаттығынан үміткер әрбір партия мүшесі сайлаушылармен кездесулер өткізіп, партияның сайлауалды тұғырнамасында белгіленген міндеттерді жан-жақты ашып көрсетуі тиістігіне назар аудартты. «Бұл өз кезегінде «Нұр Отан» партиясының халықтық партия екендігін көрсетеді. Өйткені, партия қатарында қоғамның мұғалімдер, дәрігерлер, инженерлер, құрылысшылар және өзгелер бар. Мен өзім білім беру саласынан болғандықтан, маған мұғалімдер өте жақын. Мұғалімдер тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына зор үлес қосуда. Олар ұлтты тәрбиелеп қана қоймай, реформаларды түсіндіріп, насихаттап және оның жүзеге асуына ықпал етіп келеді. Партия бағдарламасында білім саласына үлкен маңыз беріліп отырғаны да сондықтан», деді Айман Қожабекқызы.
А.Мұсақожаеваның айтуынша, келесі жылдың соңына дейін «Нұр Отан» партиясы үш ауысымдық білім беру мен апатты мектептер мәселесін түбегейлі шешетін болады. Бұл үшін еліміз бойынша 42 жаңа мектеп салынады. 2017 жылы Елбасының тапсырмасымен тегін кәсіптік-техникалық білім беру енгізіледі. Ал 2021 жылы Қазақстан қоғамы үшін үштұғырлы тіл үйреншікті болып қалмақ.
Бесінші шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің депутаты Нұрлан Әбдіров Елбасының тікелей тапсырмасымен елімізде жаңа жол тораптарын салу және жолдарды күрделі жөндеу жүзеге асырылып жатқандығын ерекше атап, «Нұрлы Жол» бағдарламасының жүзеге асуы барыс-келістің, алыс-берістің артуына жаңа мүмкіндіктер ашатынын жеткізді. «Партияның сайлауалды бағдарламасында басымдық берілген басты бағыттың бірі инфрақұрылымды дамыту екендігін атап өткен жөн. Біз 5 мың шақырым жаңа автожол мен 2,5 мың шақырым теміржол саламыз. Биылдың өзінде 1,5 мың шаршы метр қолжетімді тұрғын үй пайдалануға беріледі», деді партия белсендісі Н.Әбдіров. Оның сөзіне қарағанда, бұған дейін партияның сайлауалды тұғырнамасында елдің индустриялық-инновациялық дамуына басымдық беріліп, зауыттар мен фабрикалар ашылса, алдағы үгіт-насихат жұмыстары аясында осы объектілердің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысу үшін өңірлерге сапарлар жасалатыны да алға көлденең тартылды. Сонымен де партия сайлауға тек уәдемен ғана емес, нәтижемен де баратыны аталмай қалған жоқ.
Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан».

Дубайда өмірлік жазаға тағайындалған отандасымыз апелляциялық шағым түсірді
Оқиға • Бүгін, 19:00
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Бүгін, 18:25
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңдарға қол қойды
Президент • Бүгін, 18:05
Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді
Қоғам • Бүгін, 17:57
Кеншілерге өмір бойы берілетін регрестік төлемдер: Министрлік аралас модельді ұсынды
Қоғам • Бүгін, 17:46
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:36
Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05
Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 16:44
Моңғолияға көлікпен бару мүмкін болмақ: Президенттер төте жол салуға уағдаласты
Президент • Бүгін, 16:38
Қазақстан Моңғолияға ғарыштан бақылау жүйесін құруға көмектеседі
Президент • Бүгін, 16:29
Мұғалімдерге ерекше балалармен жұмыс істеуді үйрететін арнайы курстар енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 16:20
Астанада тәулігіне 1,5 мың тонна қалдық өңдейтін экопарк бой көтереді
Экология • Бүгін, 16:08
Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесі ашылады
Президент • Бүгін, 16:05
Әлеуметтік дертке тосқауыл бола ма?
Мәселе • Бүгін, 16:00