15 000 шаршы метрге өрістетіледі
Астанада өтетін «KADEX-2016» халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесінің статикалық экспозициясын ұйымдастыру үшін 15 мыңдай шаршы метр, сондай-ақ, 8 жабық павильон бөлінді.
Мұнда әлемнің әр елінен келген қатысушы компаниялар орналастырылады. Қазіргі уақытта 300-ден аса әскери техника өндіруші компаниялар өз өнімін көрмеге ұсынуға әзір. Бұл ретте, шетелдік қатысушылардың, сондай-ақ, таяу және алыс шетелдердің өкілдерінен өтінімдер күн сайын келіп түсуде.
Алдағы «KADEX-2016» көрмесі Астанада маусымның 2-і мен 5-і аралығында өтеді. Аталған көрменің басты мақсатының бірі Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсібі кешенін жандандыру болып табылады. Әскери мақсаттағы қазақстандық және шетелдік тауар өндірушілердің бірлескен жұмысы үшін алаң ретінде көрме отандық қорғаныс-өнеркәсібі кешенін дамыту үшін қосымша жағдайлар жасауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, «KADEX-2016» жетекші шетелдік және отандық тауар өндірушілермен әскери-техникалық ынтымақтастықты жақсартуға ықпал етеді, әрі қарай сатып алу үшін өнімнің түрлерін айқындауға мүмкіндік туғызады.
Бүгінгі таңда «KADEX» көрмесі 2010 жылдан бастап үш рет өткізілді. Оның басты нәтижесі әртүрлі мақсаттағы оптикалық-электрондық аспаптарды шығару бойынша бірлескен кәсіпорындарды құру, радиолокация және радиоэлектрондық күрес жүйелерін шығару мен техникалық қызмет көрсету, үш координаталы радиолокациялық стансаларды шығару, сондай-ақ, бронды кеудешелерді шығару бойынша бірқатар бірлескен өндірістер болды.
«Егемен-ақпарат».

Дзюдошылар Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 16:52
Almaty Half Marathon: Шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңарды
Қоғам • Бүгін, 16:31
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Бүгін, 15:23
АИТВ-мен күрес: Ем қабылдап жүргендердің 92%-ында вирустық жүктеме басылған
Денсаулық • Бүгін, 14:56
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Бүгін, 14:20
Жетісу облысындағы ұлттық саябақта қар барысы көзге түсті
Қоғам • Бүгін, 13:58
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:26
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:40
Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:25
Ашық есік экономикасы: Қазақстанда елге кіру ережелері жеңілдетілді
Қазақстан • Бүгін, 11:58
Маңғыстау облысында 100-ден астам жылқы қырылып қалды
Аймақтар • Бүгін, 11:47
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде финалға шықты
Спорт • Бүгін, 10:52
Киевте белгісіз біреу атыс шығарды: 6 адам қаза тапты, 14 адам жарақат алды
Әлем • Бүгін, 10:03