Елімізде 2015 жылдың желтоқсаны мен 2016 жылдың қаңтар айы аралығында 160 млрд. теңгеден астам ақша заңдастырылған. Бұл туралы кеше Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды.
Баспасөз мәслихатында елімізде жүргізіліп жатқан заңдастыру жайы талқыланды. Оған Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Даму және жаңғырту департаменті директоры Ержан Біржанов және Тәуекелдер, талдау және статистика басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Сағынаев қатысты.
«Заңнамаға енгізілген өзгерістер өз тиімділігін көрсетті. Екі айда заңдастырылған ақша 160 млрд. теңгеден асты. Яғни, ол 2015 жылдың 1 желтоқсанындағы көрсеткіштен 2,5 есе өсті. Бұл өте жақсы көрсеткіш деп есептеймін, енгізілген жаңашылдықтардың нәтижесінің айқын айғағы», дейді Е.Біржанов.
Айта кетейік, капитал мен мүлікке рақымшылық жасау акциясы 2014 жылдың қыркүйегінде басталған болатын. Таяуда осы рәсімді жеңілдету үшін тиісті заңнамаға бірқатар түзетулер енгізілді. Нақтырақ айтқанда, 2015 жылғы 13 қарашада тиісті заңға қол қойылып, 2015 жылдың желтоқсанынан бастап заң қолданысқа енгізілді. Ақшаны жария ету рәсімі түбегейлі оңайлатылды. Яғни, талаптар біраз жеңілдетілді. Нәтижесі өткізіліп жатқан акцияның қарқынын жақсартып отыр.
«Енді ақшаны екі тәсілмен заңдастыруға болады. Біріншісі – оларды банк шоттары арқылы көрсету және өзінің кез келген мұқтаждықтарына пайдалану. Мысалы, бизнеске салу, жылжымайтын мүлік сатып алу және т.б., және жай ғана банк шотынан алуға болады. Осының барлығы 10 пайыз алымды төлемей жүргізілетін болады», деді департамент директоры.
Екінші тәсіл – шетелде орналасқан немесе қолма-қол айналымдағы ақшаны өтініш беру нысанында, банк шотында көрсетпей-ақ заңдастыруға болады. Бірақ бұл ретте бюджетке 10 пайыз алым төленеді. Осы және басқа жағдайда да жария ету субъектісі мемлекеттік кірістер органына тиісті декларацияны тапсырады.
Мүлікті жария ету рәсімдері елеулі оңайлатылды. Енді Қазақстан аумағында орналасқан және тиісті түрде ресімделген мүлікті заңдастыру үшін мемлекеттік кірістер органдарына тиісті декларацияны және ілеспе құжаттарды тапсыру жеткілікті. Осы жағдай шетелде орналасқан мүлікті жария етуге де қатысты. Жария ету субъектілеріне қосымша кепілдіктер берілді. Мүлікті жария етумен байланысты кез келген мәліметтер банктік және салықтық құпия болып табылады. Сондай-ақ, жария етілген мүлік тәркіленуі мүмкін емес.
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметіне сүйенсек, жария ету басталғаннан бері барлығы 704 млрд. теңге жария етілген. Оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлік бойынша 498 млрд. теңге сомаға, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс орналасқан мүлік бойынша 1 млрд. теңге сомаға, ақша 191 млрд. теңге сомасына жария етілген.
Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан».

Меруерт Өтекешова Баян Алагөзованың камзолы түпнұсқа екенін растады
Қоғам • Бүгін, 17:51
Аңсар Ниетқалиев Гуанчжоудағы ITF J60 турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 17:07
Дзюдошылар Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 16:52
Almaty Half Marathon: Шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңарды
Қоғам • Бүгін, 16:31
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Бүгін, 15:23
АИТВ-мен күрес: Ем қабылдап жүргендердің 92%-ында вирустық жүктеме басылған
Денсаулық • Бүгін, 14:56
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Бүгін, 14:20
Жетісу облысындағы ұлттық саябақта қар барысы көзге түсті
Қоғам • Бүгін, 13:58
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:26
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:40
Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:25
Ашық есік экономикасы: Қазақстанда елге кіру ережелері жеңілдетілді
Қазақстан • Бүгін, 11:58
Маңғыстау облысында 100-ден астам жылқы қырылып қалды
Аймақтар • Бүгін, 11:47