Кеше Көкшетау қаласында Қазақстан Коммунистік халық партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына арналған аймақтық партиялық форумы болды.
Форум «Ортақ ісімізді оңалтайық!» деген ұранмен өтті. Онда ҚКХП хатшысы Владислав Косарев коммунистердің алдағы сайлауға баратын бағдарламасына тоқталып өтті. «Біздің бүгінгі форумымыз тектен тек «Ортақ ісімізді оңалтайық!» ұранымен өтіп отырған жоқ. Коммунистердің сайлауалды бағдарламасы осындай атауға ие. Бұл бағдарлама коммунистік идеологияны дамытуға, халықтың мұң-мұқтажын жоқтауға және қазақстандық патриотизмді күшейтуге бағытталған», – деді ол өзінің сөзінде.
Әрі қарай В.Косарев бағдарламаның негізгі бөлімдеріне тоқталып, халықтық коммунистердің ұстанымдары мен міндеттеріне, коммунистік тәрбие, «батыстық құндылықтардың» кері әсері деген мәселелерге тереңірек тоқталды. Сонымен қатар, ол елдегі әлеуметтік әділеттіліктің сақталуына коммунистік партияның сүбелі үлес қосып жүргенін атап өтті. Бесінші сайланымға депутат болып сайланған коммунистердің осы тарапта үлкен жұмыстар атқарғанын да санамалап берді.
Одан кейін сөз алған партия жетекшілерінің бірі Тұрғын Сыздықов марксизм-ленинизм идеяларына тоқталып, оның коммунистік партиялардың бүтін, дәйекті ғылыми көзқарасы екенін атап өтті. «Коммунистік идеологияның озықтығы сонда – ол халықтың әл-ауқатын арттыруды көздейді, адамдардың тең тұрмыста болуын қалайды. Сонымен бірге, барлық әлеуметтік мәселелердің әділетті жолмен шешіліп, адам еңбегінің лайықты бағаланғанын талап етеді. Мұндай идеология либералдық капиталистік қоғамға ұнамағанымен, халық осындай әділеттіктерді күтеді. Сондықтан да біздің бағдарламамызды қолдап, коммунистерден елдегі ең жоғары өкілді органға өз депутаттарының болуын қалайтынына сенімдіміз. Біз әрқашанда халық мүддесін қорғаймыз. Партияның идеологиялық тұжырымдамасы Карл Маркстің іліміне сәйкес, қоғам дамуындағы жаңа фактілер мен құбылыстарды жинақтап, қоршаған әлемдегі өзгерістер негізінде үнемі даму үстінде», – деп қорытындылады сөзін Т.Сыздықов.
Іс-шараның соңында қатысушылардың бәрі ҚКХП бүгінгі таңда еліміздегі аса биік құндылықтар – әлеуметтік әділеттілік, экономикалық тұрақтылық пен ұлтаралық және конфессияаралық келісімді сақтауда үлкен күш екенін бірауыздан атап өтіп, оның осы бағыттағы жұмыстарын қолдайтындарын білдірді.
Жақсыбай САМРАТ,
«Егемен Қазақстан».
Ақмола облысы.

Дзюдошылар Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 16:52
Almaty Half Marathon: Шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңарды
Қоғам • Бүгін, 16:31
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Бүгін, 15:23
АИТВ-мен күрес: Ем қабылдап жүргендердің 92%-ында вирустық жүктеме басылған
Денсаулық • Бүгін, 14:56
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Бүгін, 14:20
Жетісу облысындағы ұлттық саябақта қар барысы көзге түсті
Қоғам • Бүгін, 13:58
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:26
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:40
Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:25
Ашық есік экономикасы: Қазақстанда елге кіру ережелері жеңілдетілді
Қазақстан • Бүгін, 11:58
Маңғыстау облысында 100-ден астам жылқы қырылып қалды
Аймақтар • Бүгін, 11:47
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде финалға шықты
Спорт • Бүгін, 10:52
Киевте белгісіз біреу атыс шығарды: 6 адам қаза тапты, 14 адам жарақат алды
Әлем • Бүгін, 10:03