Жаңа жоба жайында
Парламент Сенатында палата Төрағасының орынбасарлары Мұхамбет Көпеев пен Александр Судьиннің қатысуымен «Ғылым туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының тұсаукесері болды. Отырысты ашқан Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Ақан Бижанов төртінші шақырылған Парламенттің ІІІ сессиясын ашқан кезде Мемлекет басшысы алға қойған тапсырмаларды және бәсекеге қабілетті адам капиталын қалыптастыру жөніндегі стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыруға қатысты заң жобаларының маңыздылығын атап өтті. Жұртшылық күтіп отырған «Ғылым туралы» заң жобасында отандық ғылымды дамытудың негізгі мәселелері және экономиканың индустриялық-инновациялық секторында ғылыми жаңалықтарды енгізу тетіктері белгіленген. Сенатор атап өткендей, заң жобасында жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарда жүргізілген ғылыми, ғылыми-техникалық зерттеулер нәтижесін іс жүзінде қолдануға қатысты ұйымдардың құру құқықтары қарастырылған. Ғылыми-техникалық қызметті дамытудың басым бағыттарын белгілейтін алқалы орган ретіндегі ұлттық ғылыми кеңестердің рөлі арта түседі. Негізгі баяндама жасаған Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұлов осы заң жобаларында бекітілген ғылымды басқару жүйесіндегі жаңа үлгінің негізгі ерекшеліктері туралы әңгімеледі. Министрдің айтуынша, ғалымдардың рөлі арта түсіп, жобалар мен бағдарламаларды орындау туралы шешімді ғылыми қоғамдастықтың өздері қабылдайтын болады. Бұл мақсатта ғылым саласын басқару жүйесіндегі стратегиялық, әкімшілік және сарапшылық қызметтердің аражігін ажырату қарастырылып отыр. Қосымша заң жобасында ғылыми қызметті жүзеге асыратын, кірісі салық салуға жатпайтын тұлғалар (ғылымдар, ғылыми ұжым, жоғары оқу орындары) аясы кеңейе түседі, сондай-ақ ғылыми қызметкерлерді әлеуметтік қолдау ережелері белгіленді. Зерттеулерді қаржыландырудағы жаңалық: базалық, грантты және мақсатты бағдарламалық жүйе енгізілетін болады. Сөйтіп, стратегиялық маңызды мемлекеттік міндеттерді шешу мақсатты бағдарламалық қаржыландырумен қолдау табады, гранттар ғылыми-зерттеулерді дамытуға және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталады. Оған қоса ғылыми зерттеулер «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң аясынан шығарылатын болады. Таныстырылым барысында ғылым саласын басқарудың жаңа жүйесін қалыптастыруға, қазақстандық ғылымның тиімділігін арттыруға, оның мемлекет пен қоғамды дамытудағы рөлін нығайтуға қатысты депутаттардың көптеген сауалдарына жауап берілді. «Егемен-ақпарат».Қару асынғанға – қарыз жоқ: Сарбаздарға несие беруге неге тыйым салынбақ?
Айбын • Бүгін, 16:48
Көкшетаулық жігіт сауда орталығынан 129 мың теңгенің киімін ұрлап кеткен
Оқиға • Бүгін, 16:27
Украинаға қауіпсіздік кепілдіктері беріле ме?
Әлем • Бүгін, 16:13
Қаңтар айындағы ҰБТ-дан қанша талапкер шеттетілді?
Білім • Бүгін, 16:02
Air Astana әуе кемелерінде спутниктік интернет пайда болады
Digital • Бүгін, 15:43
ChatGPT әзірлеушісі банкрот алдында: OpenAI 40 млрд доллар шығынға батуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 15:35
«Dara» президенттік бастамалары қорына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:23
Ертең «Қайрат» өз алаңында «Брюггені» қабылдайды
Футбол • Бүгін, 15:16
Теңіз кен орнында мұнай өндіру уақытша тоқтатылды
Оқиға • Бүгін, 15:12
Атырауда студент қызды шашынан сүйреген әйелдің әрекеті жұртты дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:02
Ет экспорты екі есе өседі: Үкімет мал шаруашылығына арналған ірі жоспарды бекітті
Экспорт • Бүгін, 14:44
Мәйіттік донор бүлдіршіннің өмірін аман алып қалды
Медицина • Бүгін, 14:22
Алматыда Ұлан сарбаздары ант қабылдады
Қоғам • Бүгін, 14:13
Таразда жанжал жиі тіркелетін мейрамханалар анықталды
Аймақтар • Бүгін, 14:00
Тоқаев: Конституциялық реформаның талқылана басталғанына жарты жыл болып қалды
Парламент • Бүгін, 13:47