фото: ашық дереккөз
The New York Times басылымының хабарлауынша, 2025 жылы OpenAI компаниясының шығындары шамамен 8 млрд долларды құраған, ал 2028 жылға қарай бұл көрсеткіш 40 млрд долларға дейін өсуі мүмкін. Соған қарамастан, компанияда әлі күнге дейін тұрақты бизнес-модель қалыптаспаған, ал табысқа шығуды OpenAI тек 2030 жылға қарай жоспарлап отыр.
Ақмола облысында ауыл шаруашылығы саласына жасанды интеллект енгізілуде
Негізгі мәселе – пайдаланушылардың басым бөлігі жасанды интеллектінің тегін нұсқаларын қолданады және ақылы қызметке көшуге дайын емес. Ал Google, Meta және Microsoft сияқты бәсекелес компаниялардың әзірлемелерді қаржыландыруға мүмкіндік беретін өзге де табыс көздері бар.
Сарапшылар OpenAI алдағы уақытта ірі технологиялық алпауыттардың біріне сіңіп кетуі мүмкін екенін жоққа шығармайды. Дегенмен олардың пікірінше, компанияның күйреуі ЖИ индустриясының соңы болмайды – бұл тек ең көп жарнамаланған бөлігінің аяқталуы болмақ.
Айта кетейік, Қазақстанда Жасанды интеллект туралы заң күшіне енді.