АСТАНА. 18 наурыз. Гвинея Республикасында эбола безгегін жұқтырған екі адам анықталды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Қауіпті індетті жұқтырғандар бір отбасының мүшелері. Осыған дейін олардың үш туысқаны аталған дертке шалдығып, көз жұмған. Үкімет олар тұратын ауылға оқшаулау режім енгізіп, арнайы вакциналар жеткізді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өткен бейсенбі күні 42 күн ішінде қауіпті безгекке шалдыққандар анықталмағаннан кейін Гвинеямен көршілес Сьерра-Леон мемлекетінде эболаның аяқталғаны туралы ресми мәлімдеген.
Айта кетейік, өткен жылдың соңына таман аталған ұйым Гвинея Республикасында эболаның жойылғандығы туралы хабарлаған. Соңғы науқастың емделіп шыққанына 42 күн болған. Алайда, 90 күндік тереңінен анықтау мерзімі әлі аяқталған жоқ. ЮНИСЕФ-тің мәлімдеуінше, осыған дейін бұл мемлекетте 6200-ден астам нәресте жетім қалған. Сондай-ақ, кәмелетке толмаған 519 бала ауыр індеттен көз жұмды. Ал қауіпті аурудан емделгендер саны бұл көрсеткіштен екі есе аз, яғни 230 абала толығымен жазылған.
Аян Әбдуәли.
Дерек: ТАСС.
Сурет: news.caravan.kz.
• 18 Наурыз, 2016
Гвинеяда эбола безгегін жұқтырған екі адам анықталды

Депутат Қазақстанда тыңайтқыш өндірісін ұлғайтуды ұсынды
Шаруашылық • Бүгін, 08:27
14 мамырда бірқатар өңірлерде ауа райы күрт өзгереді
Ауа райы • Кеше
Депутат: Солтүстік Аралды сақтау жобасын жеделдету қажет
Экология • Кеше
Ағза алмастыруға мұқтаждар саны артқан
Қоғам • Кеше
Шахмат • Кеше
Мемлекет басшысы Түркия Президентін қарсы алды
Президент • Кеше
Қазақстанда инфляция қарқыны баяулады
Инфляция • Кеше
Теңгенің нығаюына қандай факторлар әсер етті?
Қаржы • Кеше
Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
Қазақстан • Кеше