Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Біріккен күрес әлемі» халықаралық федерациясының президенті Ненад Лаловичті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы күрес түрлері бойынша Азияның Олимпиадалық біліктілік турнирін өткізу мақсатымен Астанаға келген Н.Лаловичтің сапарына ризашылық білдірді.
– Күрес – қазақтар үшін тарихи спорт түрі. Біздің елде ежелден-ақ балуандар күресінсіз бірде-бір мереке өтпеген. Бүгінде мемлекет спорттың осы түрін жастар арасында танымал ету үшін зор күш-жігер жұмсап отыр, соның арқасында Қазақстан халықаралық аренада жоғары нәтижелерге қол жеткізді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
«Біріккен күрес әлемі» халықаралық федерациясының президенті Астанада өтетін турнирді ұйымдастыруға қолдау көрсетілгені үшін алғыс айтты.
Сондай-ақ, кездесу барысында Н.Лалович Нұрсұлтан Назарбаевқа «Біріккен күрес әлемі» халықаралық федерациясының құрмет орденін тапсырды.
Суретті түсіргендер
С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

14 мамырда бірқатар өңірлерде ауа райы күрт өзгереді
Ауа райы • Кеше
Депутат: Солтүстік Аралды сақтау жобасын жеделдету қажет
Экология • Кеше
Ағза алмастыруға мұқтаждар саны артқан
Қоғам • Кеше
Шахмат • Кеше
Мемлекет басшысы Түркия Президентін қарсы алды
Президент • Кеше
Қазақстанда инфляция қарқыны баяулады
Инфляция • Кеше
Теңгенің нығаюына қандай факторлар әсер етті?
Қаржы • Кеше
Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
Қазақстан • Кеше
Ясауи іліміндегі рухани еркіндік
Таным • Кеше