Алматыда балалар спектакльдерінің алғашқы фестивалі өтеді
Ұлыстың ұлы күні мен Халықаралық театр күніне орай, Алматыдағы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры тұңғыш рет «Алтын сақа» атты балалар спектакльдері фестивалін өткізуге қам-қарекет жасауда.
Осылайша аталмыш театрдың 70 жылдық мерейтойы қарсаңында, биыл бірінші рет балалар спектакльдерінің фестивалі ұйымдастырылғалы отыр.
Театр саласындағы соны бастамада «Наурыз думан», «Ер көжек», «Алтын мүйізді киік», «Томпақпен келген Жаңа жыл», «Маугли», «Батыл көжектер», «Алдар көсе» сияқты кішкентай көрермендердің спектакльдері салтанат құрады.
Фестивальде Байділдә Қалтаев атындағы «Ең үздік ер адам бейнесі үшін», Аққағаз Мәмбетова атындағы «Ең үздік әйел бейнесі үшін», Қасым Жәкібаев атындағы «Ең үздік қосалқы рөлдегі ер адам бейнесі үшін», Әмина Өмірзақова атындағы «Ең үздік қосалқы рөлдегі әйел бейнесі үшін», «Ең үздік эпизодтық рөл», «Эпизодтық рөлдегі актерлық шеберлігі үшін», «Көрермендер көзайымы», «Ең үздік дебют» номинациялары бойынша марапаттау рәсімі өткізіледі.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.

14 мамырда бірқатар өңірлерде ауа райы күрт өзгереді
Ауа райы • Кеше
Депутат: Солтүстік Аралды сақтау жобасын жеделдету қажет
Экология • Кеше
Ағза алмастыруға мұқтаждар саны артқан
Қоғам • Кеше
Шахмат • Кеше
Мемлекет басшысы Түркия Президентін қарсы алды
Президент • Кеше
Қазақстанда инфляция қарқыны баяулады
Инфляция • Кеше
Теңгенің нығаюына қандай факторлар әсер етті?
Қаржы • Кеше
Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
Қазақстан • Кеше
Ясауи іліміндегі рухани еркіндік
Таным • Кеше