Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс сайлауын байқауға қатысушы шетелдік парламентшілермен кездесті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Румыния Парламенті Депутаттар палатасы төрағасының орынбасары Флорин Иордакемен кездесу кезінде екі елдің өзара парламентаралық іс-қимылының өзекті мәселелері талқыланды. Қ.Тоқаев Румыния Сенатының Төрағасы К.Попеску-Тэричануды Қазақстанға сапармен келуге шақырды. Төраға Мәжілістің жаңа құрамы шақырылғанға дейінгі бүкіл Парламенттің заң шығару міндетін атқарып келе жатқан Қазақстан Сенатының қазіргі қызметі, сондай-ақ, еліміздегі ауқымды институттық реформаларды іске асыру туралы айтып берді. «Президент Н.Назарбаевтың Ұлт Жоспары экономикалық даму мен саяси тәуелсіздіктің берік кепілі болып табылады», –деді Төраға. Қ.Тоқаев Қазақстандағы сайлау ашық әрі әділетті, ұлттық заңнама мен халықаралық стандарттарға сәйкес болатынын атап өтті.
Ф.Иордаке Қазақстандағы сайлауалды жақсы ахуалды атап өтті. «Сіздердің елдеріңізді соңғы жылдарда жүзеге асқан маңызды реформалармен құттықтаймыз. Қазақстан қазіргі кезде аймақтағы жетекші экономика болып табылады. Өз кезегінде Румыния ынтымақтастықты нығайту үшін күш сала отырып, Еуропалық одақ пен Орталық Азия арасындағы көпір болуға әзір», – деді Румыния Парламенті Депутаттар палатасы төрағасының орынбасары.
Қ.Тоқаевпен кездесуде Болгария Республикасы Ұлттық жиналысының депутаты, ЕҚЫҰ ПА Миссиясының байқаушысы Десислава Атанасова да жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту жайында айтты. Оның пікірінше, мемлекеттің өркендеуінде күшті әрі сарабдал көшбасшылықпен байланысты. Қазақстан Президенті Н.Назарбаев ел ішіндегі халықты біріктіріп, күрделі геосаяси үдерістерде маңызды рөл атқарады, – деді депутат. Болгария Қазақстан халқы Ассамблеясының Мәжілістегі өкілдігінің ерекше тәжірибесін егжей-тегжейлі зерделеуде. Болгария тарапы Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді Қазақстан Сенатының ратификациялауын құптады.
Сол күні Парламенттің жоғарғы палатасының депутаттары АҚШ, Польша және ТүркПА байқаушыларымен де кездесті.

Отан қорғаушылар күні қарсаңында Ұлытауда үздіктер марапатталды
Мереке • Бүгін, 18:46
Шағын және орта бизнестің үлесі жалпы ішкі өнімнің 40%-ына жетті
Бизнес • Бүгін, 18:24
Алматы облысында жолдың бір бөлігі опырылып түсті
Алматы • Бүгін, 18:05
Қазақстанның табиғаты Батыс жұртының назарын аударды
Қазақстан • Бүгін, 18:03
Алматыда заңсыз салынған автосервис нысаны сүрілді
Алматы • Бүгін, 17:46
Полиция қызметкерлеріне пара берген: Грузияда жасырынған кәсіпкер елге қайтарылды
Жемқорлық • Бүгін, 17:45
Мемлекет басшысы Аустрияның Үкімет мүшелерін қабылдады
Президент • Бүгін, 17:43
Үкімет Абай облысының жылу желілерін жөндеуге 2,5 млрд теңге бөлді
Үкімет • Бүгін, 17:29
Ақтөбе облысында қызметінен босатылған аудан әкімі өлі табылды
Оқиға • Бүгін, 16:36
«Қайрат» пен «Қайсардың» матчын қайдан көруге болады?
Футбол • Бүгін, 16:32
Мереке күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 15:58
Қазақстандағы ерлер саны 10 миллионнан асты
Қоғам • Бүгін, 15:54
Швейцарияның SWISS ұшағы Алматы әуежайына шұғыл қонды
Оқиға • Бүгін, 15:25